
Ұшақ тасығыш — ұшақтарды, тікұшақтарды қондырып алып жүретін аса қуатты, ірі соғыс кемесі, авиацияның жылжымалы базасы. Ол ұзақ мерзім бойы мұхит пен теңіз кеңістіктерінде еркін жүзіп жүре алады, әрі ұрыс жүргізуге арналған. Ол өзіндегі ұшақтардың ұшып шығуын, қайта келіп қонуын қамтамасыз ете алады.
Қазіргі заманда оларды соққы беретін, сүңгуір қайыққа қарсы және атом ұшақ тасығыштары деп бірнеше түрге бөледі. Ұшақ тасығыш бортында ядролық оқ-дәрінің көптеген түрі сақталады. Ұшақ тасығыштар 1-дүние жүзілік соғыста (1914–1918) қолданылды. 2-дүние жүзілік соғыста (1939–1945) ол АҚШ, Жапония, Ұлыбритания флоттарының соққы беретін басты күші болды. Ракета қаруы дамып отырған қазіргі жағдайда ұшақ тасығыш өзінің маңызын жойып келеді, алайда оны америкалық мамандары әзір қарулы күш құрамынан шығаруға болмайды деп есептейді. Алайда қазіргі таңда кемеге қарсы қолданылатын Циркон зымырандарының шығуына байланысты бұл кемелерді қорғау үшін көп қаржы жұмсалуда.
Қазіргі кезде әлемде осы санаттағы 47 кеме бар. Оның ішінде 11 кеме АҚШ-қа тиесілі, екі-екіден Үндістанға, Ұлыбританияға, Қытайға, біреуі Ресейге және Францияға, қалғаны басқа елдерге тиесілі.
Қазақстан Қарулы Күштерінде авиатасығыш қолданыста жоқ.
Ұшақ тасығыштың түрлері
- Супер ұшақ тасығыш — 50 000–100 000 тонна ығыстырылған және қазіргі уақытта әрдайым дерлік атомдық установкасы бар ірі ұшақ тасығыш атауы. Осы қатарға АҚШтың ұшақ тасығыштары жатады.
- Орташа ұшақ тасығыш — Бұл ығыстырғышы 30 000–50 000 ұшақ тасығыштарыдың атауы. Осы қатарға Ресей, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Үндістан, Италия ұшақ тасығыштары жатады.
- Жеңіл ұшақ тасығыш — Бұл ығыстырғышы 10 000–30 000 ұшақ тасығыштарыдың атауы. Осы қатарға Тайланд ұшақ тасығышы жатады.
Ұшақ тасығыш тізімі
Қазіргі уақытта қызмет көрсететін үшақ тасығыш тізімі
| Тақта нөмірі | Атауы | Мемлекет | Қызметте | Қосымша ақпарат |
|---|---|---|---|---|
| CVN-68 | «Нимиц» | 03.05.1975 | ||
| CVN-69 | «Дуайт Эйзенхауэр» | 18.10.1977 | ||
| CVN-70 | «Карл Винсон» | 13.05.1982 | ||
| CVN-71 | «Теодор Рузвельт» | 25.10.1986 | ||
| CVN-72 | «Авраам Линкольн» | 11.11.1989 | ||
| CVN-73 | «Джордж Вашингтон» | 04.06.1992 | ||
| CVN-74 | «Джон Стеннис» | 09.12.1995 | ||
| CVN-75 | «Гарри Трумэн» | 25.07.1998 | ||
| CVN-76 | «Рональд Рейган» | 12.07.2003 | ||
| CVN-77 | «Джордж Буш» | 10.01.2009 | ||
| CVN-78 | «Джеральд Форд» | 31.05.2017 | ||
| CV-16 | «Ляонин» | 25.09.2012 | ||
| CV-17 | «Шаньдун» | 17.12.2019 | ||
| CV-18 | «Фуцзянь» | 05.11.2025 | ||
| R08 | «Куин Элизабет» | 07.12.2017 | ||
| R09 | «Прнц Уэльс» | 10.12.2019 | ||
| R31 | «Викрамадитья» | 16.11.2013 | ||
| IAC-1 | «Викрант» | 28.07.2022 | ||
| 550 | «Кавур» | 27.03.2007 | ||
| R91 | «Шарль де Голль» | 18.05.2001 | ||
| C110-4 | «Шахид Багери» | 05.02.2025 | ||
| 911 | «Чакри Нарубет» | 27.03.1997 | ||
Құрылыс, қайта құру немесе сынау процесінде
| Тақта нөмірі | Атауы | Мемлекет | Қызметте | Қосымша ақпарат |
|---|---|---|---|---|
| CVN-79 | «Джон Ф. Кеннеди» | ? | ||
| CVN-80 | «Энтерпрайз» | ~2027 | ||
| CV-19 | ? | |||
| 063 | «Адмирал флотын Кеңес Одағының Кузнецов» | ? | ||
| «MUGEM» | ? |
Жоспар
| Тақта нөмірі | Атауы | Мемлекет | Қызметте | Қосымша ақпарат |
|---|---|---|---|---|
| CVN-81 | «Дорис Миллер» | 2030 | ||
| CVN-82 | «Билл Клинтон» | 2034 | ||
| CVN-83 | «Джордж Буш» | 2034 | ||
| «Шторм» | ? | |||
| IAC-2 | «Вишал» | 2030 | ||
| «France libre» | ? | |||
- Әскери-теңіз флоты
- Кемелер
- Әскери кемелер