Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Әдебиет порталы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Әдебиет порталы
Түрі

Мемлекеттік интернет-ресурс

Қызметі

Қазақ және шетел әдебиетін интернет әлемінде жүйелі түрде насихаттау

Құрылды

25 желтоқсан 2013 жыл

Құрушы

Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің және Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

Орналасуы

Астана, Қазақстан

Басты адамдары

Бауыржан Қарағызұлы, Ғани Ибрагимов, Нұрлан Қабдай

Саласы

Интернет-жоба, Ақпараттық технологиялар, Медиа

Қызметкерлер саны

7 адам

Басшы компания

«Qazcontent» АҚ

Сайты

adebiportal.kz

Әдебиет порталы

«Әдебиет порталы» Интернет-жобасы (ары қарай - Портал) - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің қолдауымен «Қазконтент» Акционерлік қоғам тарапынан әзірленді. Интернет желісіндегі өз бағыты айқын бұл бірегей жаңа жоба – қазақ елінің мәдени, тарихи және әдеби мұрасына қызығушылық танытатын әлемнің түпкір-түкпіріндегі интернетті белсенді пайдаланатын көзіқарақты оқырман қауымның басын біріктіретін онлайн әдеби платформа.

Тарихы

2013 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында «Әдебиет порталы» Интернет-жобасының тұсаукесер рәсімі өтті.

Құрылымы

Порталдың негізгі мақсаты – жас ақын-жазушыларға ақпараттық қолдау көрсетіп, қазақ әдебиетін интернет әлемінде жүйелі түрде насихаттау. Порталда қазақ және әлем әдебиетінің үлкен электронды қоры жинақталған. Әдебиетшілер мұндағы кітаптарға онлайн түрде пікір, рецензия қалдыра алады. Портал энциклопедиялық қызмет атқарады. Бұл жерде әр авторға жеке бет арналған және олардың шығармашылығына қатысты барлық деректер топтастырылған. Әр автор өз шығармашылығын ұдайы дамыту мақсатында әдеби блог жүргізу мүмкіндігі де қарастырылған. Порталда жас авторлар үшін арнайы «Жас авторлар мінбері» айдары және «Ашық мінбер» блогы да ескерілген. «Әдебиет порталы» – әдебиет сүйер қауымның бірегей коммуникациялық платформасына айналмақ. Оқырмандарға төрт тілде: қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде қызмет көрсетеді. Қазіргі уақытта Порталда мыңнан аса кітап пен мыңнан аса автордың жеке парақшасы және «Жас авторлар мінбері»] айдарында республикаға таныла бастаған 30-дан аса авторлар орналасқан. Порталдағы кітаптар онлайн түрде Pdf және ePub арнайы оқу жүйесі форматында жариялануда.

Жобалары

«Әдебиет порталы» – тек онлайн кітапхана ретінде ғана емес, кәсіби ақын-жазушылар мен жас авторлар үшін де бірегей коммуникациялық әдеби алаң болып табылады. Порталда «Аударма», «Мазмұн», «Хат», «Иллюстрация» және «Поэзия әлемі» жобалары шеңберінде белсенді түрде әлемдік шығармаларды қазақ тіліне аудару және қазақ әдебиетін басқа тілдерге аудару, әдебиет тұлғаларының құнды хаттарымен танысу, әдеби шығарманың қысқаша мазмұнын жазу, сонымен қатар, сүйікті өлеңді мәнерлеп оқу мен әдебиетте иллюстрацияны – жаңаша бір қырынан қарауға қол жеткізеді.

Жоғары