Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Әлеуметтік байланыс (ағылш. Social relation) — қоғамдағы жеке адамдардың, не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін ұғым.

Әлеуметтік байланыс

  • Басты бет
  • Әлеуметтік байланыс

Әлеуметтік байланыс (ағылш. Social relation) — қоғамдағы жеке адамдардың, не әлеуметтік топтардың бір-бірімен қарым-қатынастарын білдіретін ұғым.

Әлеуметтік байланыс ұғымын әлеуметтануға француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм енгізген. Ол әлеуметтік байланыс ұғымын топқа, ұйымға және тұтас қоғамға қатысты қарастыруға болады деп білді. Әлеуметтік топтардың не қоғамның ішіндегі әлеуметтік қатынастар үш белгісі болады: а) топқа не қоғамға мүше әрбір адам сол қауымдастыққа тән ортақ ережелерді орындайды және құрметтейді; ә) аталған қауымдастық мүшелері өздерінің ортақ мүдделеріне байланысты бір-біріне тәуелді; б) жеке адам өзін қауымдастықпен біргемін деп санайды.

Әлеуметтік байланыс ұғымы әлеуметтік детерменизм принципі негізінде анықталады. Адамдар, топтар, қауымдар арасындағы үнемі қайталанып отыратын әлеуметтік байланыстар әлеуметтік қарым-қатынастар деп аталады. Олар саяси, экономикалық, құқықтық т.б. қарым-қатынастар болып бөлінеді. Бұл қарым-қатынастардың бәрі де өзара тығыз байланыста, біріне-бірі себепші болады. Әсіресе, саяси қарым-қатынастардың қоғамдағы рөлі зор. Ол. әлеуметтік қарым-қатынастардың басқа түрлеріне елеулі ықпал етеді.

Әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты қоғамның әлеуметтік даму деңгейіне байланысты. Өркениетті, дамыған қоғамда әлеуметтік қарым-қатынастардың сипаты да жоғары деңгейде болады.

Қоғамдағы әлеуметтік байланыстардың өзара заңдылықтары мен бір-біріне себеп-салдарлығы әлеуметтік детерминизм (лат. determіno — анықтаймын) — принципі негізінде анықталады. Бұл принцип қолданылу мақсатына қарай механикалық әлеуметтік детерминизм, статикалық әлеуметтік детерминизм, жүйелі әлеуметтік детерминизм болып үш түрге бөлінеді.

Байланыс және әрекеттесу формалары

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 10, 2026

    Шәкәрім Құдайбердіұлы

  • Сәуір 10, 2026

    Көкбай Жанатайұлы

  • Сәуір 09, 2026

    Жақсы Сарысу

  • Сәуір 07, 2026

    Алматы (айрық)

  • Наурыз 13, 2026

    Моңғол шапқыншылығы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары