Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Шыққан тегі сонау Арғын тайпасының Атығай Андағұл руынан. Әкесі Зілқара Байтоқаұлы атақты ақын, композитор, Көкшетау округінің аға сұлтаны болған. Қазақ елі Әле

Әлібек би

  • Басты бет
  • Әлібек би

Әлібек Зілқараұлы (шамамен 1815 — 1876 жылдары өмір сүрген) — би, батыр. Ақан серінің өкіл әкесі.

Әлібек би
Әлібек Зілқараұлы
Туған күні

1815 (1815)

Туған жері

Көкшетау

Қайтыс болған күні

1876 (1876)

Қайтыс болған жері

Көкшетау

Азаматтығы

Қазақ хандығы

Ұлты

қазақ

Қызметі

би
батыр

Әкесі

аға сұлтан, ақын, композитор Зілқара Байтоқаұлы

Шыққан тегі сонау Арғын тайпасының Атығай Андағұл руынан. Әкесі Зілқара Байтоқаұлы атақты ақын, композитор, Көкшетау округінің аға сұлтаны болған. Қазақ елі Әлекеңді «Әлібек батыр» деп атайды.

Арыстан, Біржан, Орынбай ақындармен дос болған. Әлсіздерге қорған болып, әділеттілігімен аты шыққан. Озбырлардан жапа шеккендер келіп паналаған. Ақан сері Әлібек өлгенде көпке белгілі “Қараторғай” әнін шығарған. “Арысым, ел қорғаны, батырым-ай, Айырылдым қапияда сенен неғып?! Тәңірдей сыйынатын Әлекем-ай, Жүргейсің әруағыңмен елді қорғай” деген жолдары Әлібекке арналған. Әлібектің Біржанға айтқан: “Батыр жүрегін еліне береді, жанын құдайға береді, ал намысын ешкімге бермейді”, Орынбайға айтқан “Тірілердің өлмейтін жері, өлілердің мекені — кітап” деген қанатты сөздері күні бүгінге дейін ел жадында сақталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 25, 2026

    Рюрик Ростиславич

  • Сәуір 04, 2026

    Жәңгір-Керей хан

  • Мамыр 03, 2026

    Хасан шайқасы

  • Сәуір 04, 2026

    Арал ауданы

  • Мамыр 03, 2026

    Есік (өзен)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары