Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Әл-Хижр сүресі (араб. الحجر — Хижр) — 15-ш Құран сүресі. 99 аяттан тұрады. Бұл Меккелік сүре Мұхаммед пайғамбарға 12-ші сүре Жүсіп-тен кейін Мұхаммед пайғамбард

Әл-Хижр сүресі

  • Басты бет
  • Әл-Хижр сүресі

Әл-Хижр сүресі (араб. الحجر — Хижр) — 15-ш Құран сүресі. 99 аяттан тұрады. Бұл Меккелік сүре Мұхаммед пайғамбарға 12-ші сүре Жүсіп-тен кейін Мұхаммед пайғамбардың Меккеде болған соңғы жылы уахи етілген.

Әл-Хижр сүресі — الحجر

Сүренің арабша мәтіні
Атауының мағынасы

Хижр

Жіктелуі

Меккелік

Жерге түсірілу реті

54

Статистика
Сүре нөмірі

15

Аяттар саны

99

Джуз

14

Хизб

27

Рукуғ саны

6

Сөз саны

654

Әріп саны

2760

Муқаттаға әріптері

Әлиф, Ләм, Ра.

Алдыңғы сүре

Ибраһим сүресі

Келесі сүре

Ән-Нахл сүресі

Аударма

QuranAcademy.org
Kuran.kz

Аудио

Фалак.ru


                                   

Мазмұны

Салиһ елі

"Әлбетте (Салих елі) Хыжырлықтар да пайғамбарларды жасынға шығарған еді. (15:80)

Оларға мұғжизаларымызды келтірдік. Алайда олар, одан бет бұрған еді. (15:81)"

Лұт пайғамбар

"Оларға Ыбырайым (Ғ.С.) ның қонақтарының да жайын айт. (15:51)

Сол уақытта періштелер, Ыбырайым (Ғ.С.) ның жанына кіріп: “Сәлем” дегенде, Ыбырайым (Ғ.С.): “Біз сендерден қорқамыз” деді. (15:52)

(Періштелер): “Қорықпа! Біз сені білімді бір ұлменен сүйінілейміз” деді. (15:53)

(Ыбырайым Ғ.С.): “Маған кәрілік жеткенде қуантасыңдар ма? Мені неліктен сүйіншілейсіңдер?”, – деді. (15:54)

(Періштелер): “Біз, сені бір шындықпен сүйіншіледік. Енді күдер үзушілерден болма!” деді. (15:55)

(Ыбырайым Ғ.С.): “Раббының рахметінен адасушылардан басқа кім күдер үзеді?”, – деді. (15:56)

(Періштелерге): “Әй елшілер! Жұмыстарың не?”, – деді. (15:57)

(Елшілер): “Расында біз бір қылмысты елге жіберілдік” деді. (15:58)

“Лұт (Ғ.С.) тың сыбайластарын түгел құтқарамыз”. (15:59)

“Бірақ, оның жұбайы құтқарылмайды. Өйткені, оны типыл болатындардан болуын ұйғардық”. (15:60)

Елшілер, Лұт семьясына келгенде: (15:61)

“Сөзсіз сендер бөгде кісілерсіңдер” деді. (15:62)

(Елшілер): “Жоқ біз олардың күмәнданған азабын алып келдік” деді. (15:63)

“Біз саған нақты шындықты келтірдік. Әрине шын айтамыз”. (15:64)

“Дереу кештің бір бөлімінде түн қатып, үй-ішіңді алып жөнел. Өзің, олардың артында жүр. Сендерден ешкім артына қарамасын. Бұйырылған жерге жете беріңдер”. (15:65)

(Лұт Ғ.С. ға): “Күдіксіз олардың соңы таңменен жоғалады” деген бұйрықты білдірдік. (15:66)

Қаланың халқы (арсыздық істеу үшін) қуанысып жетті. (15:67)

(Лұт Ғ.С.): “Рас бұлар, менің қонағым. Мені қорламаңдар” деді. (15:68)

“Алладан қорқыңдар. Мені ренжітпеңдер…” (15:69)

(Олар): “Біз сені елді қорғаудан тыймап па едік?”, – деді. (15:70)

(Лұт Ғ.С.): “Егер айтқанымды істейтін болсаңдар, мыналар қыздарым” деді. (15:71)

(Мұхаммед Ғ.С.) Өміріңе серт! Олар, расында мастықтарында дел-сал еді. (15:72)

Сонда оларды күн шыға ащы дауыс алды. (15:73)

Оны, асты-үсті қып, үстеріне қатқан қиыршықтан тас жаудырдық. (15:74)

Күдіксіз осыда қырағылар үшін әлбетте өнегелер бар. (15:75)

Өйткені, ол жер, жол үстінде еді. (15:76)

Күдіксіз осыда мүміндер үшін ғибрат бар. (15:77)"

Сілтемелер

  • Құран
  • Аят
  • Тирмизи
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 02, 2026

    Юра кезеңі

  • Наурыз 11, 2026

    ДНҚ

  • Сәуір 09, 2026

    Дыбыс жылдамдығы

  • Сәуір 07, 2026

    Созақ ауданы

  • Сәуір 12, 2026

    Достық каналы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары