Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Әріпбай Әлібайұлы Әлібаев (12.1. 1926 жылы туған, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылы) — қоғам және мемле­кет қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылыми кандидаты (1968).

Әріпбай Әлібайұлы

  • Басты бет
  • Әріпбай Әлібайұлы

Әріпбай Әлібайұлы Әлібаев (12.1. 1926 жылы туған, Райымбек ауданы, Жалаңаш ауылы) — қоғам және мемле­кет қайраткері, ауыл шаруашылығы ғылыми кандидаты (1968).

Ұлы жүздің Албан тайпасының Бозым руынан шыққан.

1951 жылы Алматы зоотехнологиялық-малдәрігерлік институтын бітірген соң, Алматы, Талдықорған облысының шаруашылықтарында, пар­тия және кеңес ұйымдарында әр түрлі жауапты қызметгер атқарған. 1962-64 жылдары Шығыс Қазақстан облысы партия комитетінің, 1964- 67 жылдары Павлодар облысы партия комитетінің 2-хатшысы, 1967-72 жылдары Павлодар облысы атқарушы комитетінің төра- ғасы, 1972-78 жылдары Талдықорған облысы партия комитетінің 1-хатшысы. 1978-85 жылдары Қазақ КСР Ет және сүт өнеркөсібі министрі болды. 1986 жылы дербес зейнеткерлік демалысқа шығып, Қазақтың шабындық-жайылым институтын басқарды. Алыбаевтың Қазақстанда ауыл шаруашылығы салаларын дамыту мәселелеріне арналған бірнеше моноғрафиясы, сондай-ақ "Замана толқындары" (1999) атты естелігі мен жыр жинағы жарық көрген. Ленин, Халықтар достығы, 4 мәрте Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет белгісі" ордендерімен марапатталған.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 04, 2026

    Кеңестік республика

  • Сәуір 16, 2026

    Сары қаңлы

  • Наурыз 12, 2026

    Жылқы

  • Сәуір 15, 2026

    Ұлттық әнұран

  • Сәуір 05, 2026

    Қазығұрт тауы

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары