
Әуезхан Көшімов (1911, 15 желтоқсан, Жезқазған облысы, Шет ауданы, Босаға ауылы - 1993) - ақын.
Өмірбаяны
Әкесі Көшім қажы.Арғын тайпасы Қаракесек руының Кәрсөн бұтағынан шыққан.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Қарағандыда облыстық радио комитетінің бас редакторы, облыстық Халық шығармашылығы үйінің директоры, Қазақстан Жазушылар одағының Қарағанды облысындағы өкілі қызметтерінде болған.
Шығармалары
- Жүрек сазы. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1948;
- Қарт мергеннің айтқандары. Әңгімелер. А., ҚМКӘБ, 1957;
- Аңшының әңгімелері. А., ҚМКӘБ, 1959;
- Екі бүркіт. Әңгімелер. А., ҚМ КӨБ, 1963;
- Тегіледі әуендер. Поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1961;
- Тепеңкөк. Әңгімелер. А., «Жазушы», 1983.
Марапаттары
«1941 — 1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Санаттар:
- 15 желтоқсанда туғандар
- 1911 жылы туғандар
- Шет ауданында туғандар
- 1993 жылы қайтыс болғандар
- Қазақстан ақындары