| «Әулие-Ата» халықаралық әуежайы | |||
|---|---|---|---|
| IATA: DMB – ICAO: UADD | |||
| Қысқаша мәлімет | |||
| Әуежай түрі | Қоғамдық | ||
| Иесі | SCAT Airlines | ||
| Операторы | «Әулие-Ата» халықаралық әуежайы | ||
| Қызмет көрсетеді | Тараз, | ||
| Орналасқан орны | Тараздан оңтүстік-батысқа қарай 8,5 км | ||
| Теңіз деңгейінен биіктігі | 666 м / 2 185 ф | ||
| Координаттар | 42°51′13″ с. е. 071°18′13″ ш. б. / 42.85361° с. е. 71.30361° ш. б. (G) (O) (Я)Координаттар: 42°51′13″ с. е. 071°18′13″ ш. б. / 42.85361° с. е. 71.30361° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
| Сайты | |||
| Ұшып-қону жолақтары | |||
| Жолақ бағыты | Ұзындығы | Айдыны | |
| м | фут | ||
| 13/31 | 3,500 | Асфальт | |
| Статистикасы | |||
| Жолаушылар | ▲43,700 адам | ||
| Дереккөз: AIP Қазақстан Әуежайдың Қазақстандағы орналасуы Әуежайдың Жамбыл облысындағы орналасуы | |||
Әулие-Ата халықаралық әуежайы — Тараз қаласының халықаралық әуежайы. Қала орталығынан 8,5 км қашықтықта орналасқан.
Әуежай 1945–1946 жылдары қазіргі орналасқан орнына көшірілді. 1962 жылға дейін ұшу-қону жолағы топырақ болды. 1962 жылы алғашқы жасанды ұшу-қону жолағы салынды, соңғы рет 1989 жылы жөндеуден өтті.
1974 жылы әуежай терминалы салынды, сыйымдылығы – сағатына 200 жолаушы. Кеңес дәуірінде Тараздан Мәскеу, Сочи, Минералды Сулар және республиканың көптеген қалаларына рейстер орындалды. 1990 жылдары әуежай жұмысы төмендеді, бірақ 2000-жылдары қалпына келтіру жұмыстары басталды.
2013 жылдан бастап «SCAT» авиакомпаниясы әуежайды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, жаңа терминал мен инфрақұрылым салды.
2013 жылы қайта құрылған ҰҚЖ 3500 метр ұзындықта, 60 метр енімен салынды. Қабылдау мүмкіндігі — Boeing 747, Airbus A380 секілді заманауи ұшақтар.
Тұрақты рейстерді орындайтын әуекомпаниялар:
| Әуекомпания | Бағыт |
|---|---|
| SCAT | Алматы, Астана |
Жаңа жолаушылар терминалының аумағы — 5 500 м², сағатына 300 жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы. 7 млрд теңге бюджетпен жаңа ҰҚЖ, такси жолдары, перрон, жүк терминалы және жанар-жағармай кешендері салынды.
Ан-12, Ан-24, Ан-26, Ан-28, Ан-30, Ан-124 Ил-76, Ту-134, Ту-154, Як-40, Як-42, Airbus A319, Airbus A320, Airbus A321, Boeing 737, Boeing 747, Boeing 757, Boeing 767, және т.б. 3-4 сыныпты ӘК түрлері, барлық типтегі тікұшақтар. Аэродромда бұрын 157-ші тікұшақ полкі (Ми-8 және Ми-26) орналасқан болатын.