Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әшім Дүңшіұлы (1896 жыл ҚХР, Іле аймағының Күнес ауданы — 1962 жыл сонда) – күйші, сазгер. Әкесі Дүңші ағаштан түйін түйген шебер болған, домбыра да шерткен, На

Әшім Дүңшіұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әшім Дүңшіұлы (1896 жыл ҚХР, Іле аймағының Күнес ауданы — 1962 жыл сонда) – күйші, сазгер. Әкесі Дүңші ағаштан түйін түйген шебер болған, домбыра да шерткен, Найман тайпасының Қызай руынан шыққан..

Өмірбаяны

Әшім домбыра тартуды жас кезінен үйренеді. Шығыс Түркістанға аты әйгілі күйші атанады. Шыңжаңның көп жерін, Қытайдың ішкі өлкелерін аралап, өнер көрсетеді. өзі де “Ақерке”, “Ақ толқын”, “Таң бұлбұлы”, “Сыбызғы үні”, “Аққу келді”, “Күй қайтарма”, “Арман-ай”, т.б. күйлер шығарған. 350-ден астам халық күйлерін тарта білген. 60-тан астам төл шығармасын Іле халық баспасы “Әшім күйлері” деген атпен басып шығарған (1981).

Жоғары