Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Өзбек сұлтан (т.-ө. ж. б.) – Ташкент өңірінің билеушісі. Шайбани әулетінен тараған, Абдолла ІІ ханның немере інісі. Хафиз Таныштың “Шараф наме-и шахи” және Муки

Өзбек сұлтан

  • Басты бет
  • Өзбек сұлтан

Өзбек сұлтан (т.-ө. ж. б.) – Ташкент өңірінің билеушісі. Шайбани әулетінен тараған, Абдолла ІІ ханның немере інісі. Хафиз Таныштың “Шараф наме-и шахи” және Мукимидің “Зафарнама” еңбектерінде ол туралы деректер айтылады.

1588 ж. Ташкент өңірінде Өзбек сұлтанға қарсы көтеріліс басталды. Көтерілісшілерге Ақназар ханның ұлдары Мұңғытай, Дінмұхамед, Жанәлі сұлтандар көмекке келді. Көтерілісшілер қазақ сұлтаны Жанәліні хан деп жариялап, 30 мың адамдық қол жинады. Көтерілісшілер Өзбек сұлтан билеп отырған Ташкентті қоршап алды. Өзбек сұлтан Гераттағы Абдолла ханнан көмек сұрайды. Ташкентті қоршау бір айға дейін созылды. Бір айдан соң көмек келіп жетіп, Өзбек сұлтан қоршауды бұзып шығып, қарсыластарын тықсырып тастайды. Бірақ көтеріліс ұзақ уақытқа дейін басылмады. Өзбек сұлтан Абдолла ІІ ханмен бақталас еді. Сондықтан қазақ ханы Тәуекел хан 1598 ж. Мауераннахрды бағындыру үшін соғысқа аттанғанда, Өзбек сұлтан ағасы Абдоллаға емес, Тәуекел ханға қолдау көрсетті. Осы соғыстың нәтижесінде Қазақ хандығы жеңіске жетіп, 1598 ж. жасалған келісімшарт бойынша Ташкент өңірі Қазақ хандығының құрамына енді.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 05, 2026

    Үлкен Аю

  • Сәуір 06, 2026

    Марқакөл (көл)

  • Сәуір 03, 2026

    Уәлитхан Танашев

  • Сәуір 06, 2026

    Жітіқара ауданы

  • Сәуір 10, 2026

    Қарқара (бас киім)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары