Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Өзен алабұғасы немесе Кәдімгі алабұға (лат. Perca fluviatilis) — Сүйекті балықтардың Алабұға тәрізділер отрядының алабұғалар тұқымдасына жататын Тұщы сулы алабұ

Өзен алабұғасы

  • Басты бет
  • Өзен алабұғасы

Өзен алабұғасы немесе Кәдімгі алабұға (лат. Perca fluviatilis) — Сүйекті балықтардың Алабұға тәрізділер отрядының алабұғалар тұқымдасына жататын Тұщы сулы алабұғалар тегінің жыртқыш балығы.

Өзен алабұғасы


Амандық күйі

Least Concern (IUCN)
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Chordata
Табы: Қауырсын қанаттылар
Сабы: Алабұға тәрізділер
Тұқымдасы: Алабұғалар
Тегі: Perca
Түрі: P. fluviatilis
Екі-есімді атауы
Perca fluviatilis
Linnaeus, 1758
Қызыл= отаны Жасыл= енгізлген диапазоны
Қызыл= отаны
Жасыл= енгізлген диапазоны

Қазақстанның барлық су айдындарында тараған. Алабұға Ертіс бассейініндегі барлық өзендер мен көлдерде, су қоймаларында кездеседі.

Тұрқының ұзындығы — 40-50 см, салмағы — 2 кг-ға дейін. Сәуір — мамыр айларында судың жылуы 7-8'С-қа жетісімен өсімдіктердің үстіне уылдырық шашады. Балқаш пен Алакөлде жергілікті Балқаш алабұғасы өседі. Оның түсі ашықтау, арқасындағы қанаты аласалау, қабыршағы ірілеу болады. Жас шабақтарының жемі насекомдар личинкасы мен шаян тәрізділер, ересектері жас балықтарды жейді. Алабұғаың кәсіптік маңызы бар.

Алабұға 2-4 жылда уылдырық шашу үшін жетіледі. Өсімталдығы 300 мыңға дейін уылдырық шашады. Олар уылдырығын көктемнің ортасына қарай, су жылығанда барлығы бірге топтасып шашады. Уылдырығын былтырғы жылдан қалған шіріген түрлі өсімдіктердің қалдығына шашады. Кейде сол судың табанына да шаша береді. Уылдырығын лента тәріздес қылып шашады және уылдырықтар қоректік затқа батырылып бірге шығады. Бұндай лентаның ұзындығы аналығының дене бітіміне қатысты болады, әрі 12 метрлік ұзындыққа созылуы мүмкін. Алабұға – жыртқыш балық. Баяу өседі, бірақ көлдердегі өсіп-өнуі жылдамырақ. Алабұға жәндіктердің дернәсілімен, моллюскалармен, ұсақ балықтармен қоректенеді. Алабұғаны жергілікті тұрғындар кәсіптік және әуесқойлық мақсатпен аулайды.

Сілтемелер

  • Ортаққор логотибі Ортаққорда бұған қатысты медиафайлдар бар: Өзен алабұғасы
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 10, 2026

    Одағай

  • Сәуір 24, 2026

    Жарылғапберді Жұмабайұлы

  • Сәуір 05, 2026

    Әт-Тәкуир сүресі

  • Наурыз 12, 2026

    Маңғыстау облысы

  • Сәуір 09, 2026

    Отау көтеру

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары