Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Entertainment Weekly (кейде EW деп те аталады) — Нью-Йоркте орналасқан, People Inc. басып шығаратын, кино, телевизия, музыка, Бродвей театры, кітаптар және бұқа

Entertainment Weekly

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Entertainment Weekly
Entertainment Weekly
Қысқаша атауы

EW

Мамандануы

Ойын-сауық индустриясы

Мерзімділік

Апталық (1990–2019) Айлық (2019–қазіргі уақыт)

Тілі

Ағылшын тілі

Бас редактор

Патрик Гомес

Құрылтайшылары

Дэвид Моррис

Ел

 АҚШ

Орны

Нью-Йорк

Баспашы

People Inc.

Белсенді жылдары

1990–2022 (тек баспа түрінде)

Құрылған уақыты

ақпан 16, 1990; 36 жыл бұрын (1990-02-16)

Соңғы шығарылымы

2022 жылғы сәуір (тек қағаз форматы тоқтатылды)

Таралым

1,8 миллион (2013 жыл)

ISSN

1049-0434

ISSN веб нұсқасы

2169-3188

Сайты

ew.com

Ортаққордың логотипі Ортаққордағы медиафайлдар

Entertainment Weekly (кейде EW деп те аталады) — Нью-Йоркте орналасқан, People Inc. басып шығаратын, кино, телевизия, музыка, Бродвей театры, кітаптар және бұқаралық мәдениет туралы жазатын америкалық цифрлық ойын-сауық журналы. Баспа журналы 1990 жылдың 16 ақпанында Нью-Йоркте іске қосылып, 2022 жылы басылуын тоқтатты.

Us Weekly, People және In Touch Weekly сияқты атақты адамдардың өміріне бағытталған басылымдардан айырмашылығы, EW негізінен ойын-сауық саласындағы жаңалықтар мен сыни шолуларға көңіл бөледі; ал негізінен индустрия мамандарына арналған кәсіби басылымдар (trade magazines) болып табылатын Variety пен The Hollywood Reporter-ге қарағанда, EW кең аудиторияға бағытталған.

Тарихы

People журналының «бауырлас» басылымы ретінде құрылған Entertainment Weekly журналының алғашқы саны 1990 жылдың 16 ақпанында жарық көрді.

Журнал идеясын Джефф Джарвис ұсынып, алғашқы шығарылғаннан бастап 1996 жылдың қазанына дейін баспагер қызметін атқарған Майкл Клингенсмит негізін қалады. Басылымды оқырмандарға алғаш таныстырған жарнамалық науқандар оны кино, музыка және кітап рецензияларын (кейде видеойындар мен театр қойылымдарын да қамтитын) ұсынатын поп-мәдениеттің тұтынушылық нұсқаулығы ретінде көрсетті.

1996 жылы журнал Америкалық журнал редакторлары қоғамының «Жалпы жетістіктер үшін» атты беделді National Magazine Awards сыйлығын иеленді. EW бұл марапатты 2002 жылы тағы да жеңіп алды.

2016 жылдың қыркүйегінде Entertainment Weekly People журналымен бірлесіп People/Entertainment Weekly Network желісін іске қосты. Бұл желі — «атақтылар, поп-мәдениет, өмір салты және адам тағдырына қатысты оқиғаларды қамтитын қысқа және ұзақ форматтағы бағдарламаларды ұсынатын тегін, жарнамамен қаржыландырылатын онлайн-видео желісі». 2017 жылдың қыркүйегінде ол PeopleTV болып қайта аталды.

2019 жылдың тамыз айынан бастап Entertainment Weekly ай сайынғы шығарылым моделіне көшті.

EW пен People журналдары кіретін Meredith entertainment бөлімшесінің президенті Брюс Герштің айтуынша, баспа форматының қысқаруы тәулік бойы (24/7) жұмыс істейтін тереңдетілген цифрлық контентпен толықтырылатын еді. Entertainment Weekly апта сайынғы цифрлық «мұқабаларды» шығаруды жалғастырып, подкасттарға бет бұрды, сондай-ақ жұлдыздар мен фестивалдердің қатысуымен арнайы іс-шаралар мен интерактивті жобаларды жоспарлады.

People журналының бас редакторының орынбасары Джей Ди Хейман Генри Голдблаттың орнына бас редактор болып тағайындалды. Осы өзгерістердің салдарынан шамамен 15 адам қысқартылды. Бұрынғы иесі Time Inc. компаниясы 1990 жылдың ақпанында іске қосылғаннан кейін EW-ті дамытуға 150 миллион доллар жұмсады. Журнал 1996 жылдың соңында алты таңбалы пайда тауып, ал ең гүлденген жылдарында жылдық таза табысын 55 миллион долларға жеткізген кезде бұл шығындар өз нәтижесін берді.

Ай сайынғы форматқа ауызар алдында да табысты болғанымен, соңғы жылдары соңғы жаңалықтар мен жұлдыздар туралы ақпарат барлық платформаларда қаптап кеткендіктен және қағаз жарнамасы азайғандықтан, EW үлкен бәсекелестік қысымына ұшырады. Форматты өзгерткенге дейін ол «апталық» деп аталғанымен, шын мәнінде жылына тек 34 нөмір шығаратын еді. Meredith компаниясы Time Inc.-ті 2.8 миллиард долларға сатып алғаннан кейін басқа да бірнеше басылымдармен бірге бұл брендті де сатуды қарастырған болатын, бірақ EW-тің ең көп табыс әкелетін People журналымен тығыз байланысты болуы оны сақтауға түрткі болды.

2021 жылдың 2 тамызында журналдың грек тіліндегі сайты іске қосылды. Осылайша Грекия АҚШ-тан тыс басылым қолжетімді болған алғашқы елге айналды.

2022 жылдың 9 ақпанында Entertainment Weekly қағаз түріндегі басылымын толығымен тоқтатып, тек цифрлық форматқа көшті. Соңғы баспа саны 2022 жылдың сәуірінде шықты. 2022 жылдың мамырында атқарушы редактор Патрик Гомес бас редактор / бас менеджер қызметіне кірісті.

Жоғары