Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

II Николай, Николай Александрович Романов (18 мамыр 1868 жыл, Царское Село – 17 шілде 1918 жыл, Екатеринбург) — Ресей империясының соңғы императоры (1894–1917),

II Николай

  • Басты бет
  • II Николай

II Николай, Николай Александрович Романов (18 мамыр 1868 жыл, Царское Село – 17 шілде 1918 жыл, Екатеринбург) — Ресей империясының соңғы императоры (1894–1917), III Александрдың үлкен ұлы.

II Николай
II Николай Александрович
II Николай
II Николай
II Николайдың жеке елтаңбасы
Лауазымы
Ту
Ту
Бүкілресей Императоры
Ту
Ту
1 қараша 1894 — 15 наурыз 1917
Ізашары III Александр
Ізбасары лауазым ыдырады
Ту
Ту
Польша патшасы
Ту
Ту
1 қараша 1894 — 15 наурыз 1917
Ізашары III Александр
Ту
Ту
Финляндияның Ұлы кінәзі
Ту
Ту
1 қараша 1894 — 15 наурыз 1917
Ізашары III Александр
Өмірбаяны
Дүниеге келуі 18 мамыр 1868 (1868-05-18)
Царское село, Царское село уезі, Санкт-Петербург губерниясы, Ресей империясы
Қайтыс болуы 17 шілде 1918 (1918-07-17) (50 жас)
Екатеринбург, РКФСР
Династия Романовтар
Әкесі III Александр
Анасы Мәрия Федоровқызы
Жұбайы Александра Фёдоровна
Балалары қыздары: Ольга Николайқызы, Татьяна Николайқызы, Мәрия Николайқызы және Анастасия Николайқызы
ұлы: Алексей Николайұлы
Әскери қызметі
Қызмет еткен жылдары 1887–1892
Әскер түрі Орыс Империялық әскері
Атағы Полковник
Шайқасы Бірінші дүниежүзілік соғысы
II Николай Ортаққорда
өңдеу Үлгі құжаттамасын қараңыз

II Николай патшалық еткен кезең Ресей экономикасының жедел даму дәуіріне тура келді. Өнеркәсіптің шапшаң дамуы жұмысшы қозғалысының және шаруалар толқуының күшеюімен қатар жүрді. II Николай дамып келе жатқан революциялық қозғалысқа қарсы армияны, полицияны, сотты пайдаланды, ұлтшылдық пен шовинизмді қоздырды, агрессиялық сыртқы саясат жүргізді, ал бұл саясат 1904–1905 жылдарғы орыс-жапон соғысына душар етті.

Орыс-жапон соғысында жеңілу елді 1905–1907 жылдардағы революцияға алып келді. Халық толқуынан жасқанған II Николай кейбір жеңілдіктерге баруға мәжбүр болды. Саяси партиялар жария жұмыс істей бастады. Столыпиннің аграрлық реформасы жүргізіліп, Қазақстанның, Сібірдің, Орта Азияның жергілікті тұрғындары өз жерлерінен ығыстырылды. Мемлекеттік думаны құрды (1906 жылы).

Сыртқы саясатта Ресей Антанта елдерімен жақындасып, Германия мен оның одақтастарына қарсы 1-дүниежүзілік соғысқа (1914 – 1918) қатысты. Орасан зор соғыс шығындары елді қатты тұралатты. Жұмысшылардың бас көтерулері мен шаруалар толқуы қайта күшейді, 1916 жылы Орта Азия мен Қазақстанда ұлт-азаттық қозғалысы болып өтті.

Елдегі саяси дағдарыс 1917 жылы Ақпан төңкерісіне ұласты. II Николай тақтан өз еркімен бас тартуға мәжбүр болды. Ол тұтқындалып, Тобольскіге, Қазан төңкерісінен кейін Екатеринбургке жіберілді. Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметінің қаулысы бойынша II Николай және оның отбасы мүшелері Екатеринбург қаласында атылды.

←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Сәуір 13, 2026

    Дүнген тілі

  • Сәуір 13, 2026

    Мария Склодовская-Кюри

  • Сәуір 07, 2026

    Дыбыс үндестігі

  • Сәуір 07, 2026

    Астрофизика институты

  • Наурыз 15, 2026

    Айша бибі кесенесі

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары