Ираклий II (18.11.1720, Телави қ., - 22.1.1798, сонда) - грузин патшасы, мемлеткет қайраткері, қолбасшы. 1744 жылдан Кахети патшасы, 1762 жылдан Картли - Кахети патшалығының (Шығыс Грузия) патшасы. Кахетия Багратиондарының әулетінен шықты. Бытыраңқы грузин иеліктерін бір орталыққа біріктіруге және Закавказьеде Грузияның билігін кеңейтуге тырысты. Россияның Шығыс Грузияға қамқорлығы жөнінде 1783 жылы Георгиев трактатына келісті. Ішкі саясаты елдің өндіргіш күштерін дамытуға бағытталды. Грузин деревнясының жағдайына ерекше назар аударды. Басыбайлыларды жерсіз және семьясынан айырып сатуға тыйым салды. Тбилисиде (1756), Телавиде (1782) мемлекеттік мектептер мен семинариялар ашты
Дерек көздер
- Кикодзе Г.Д.,Ираклий Второй, пер. с грузинского, 2 издание.
- 1720 жылы туғандар
- Грузия тұлғалары
- 1798 жылы қайтыс болғандар
- Қолбасшылар
- Багратиондар