Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

"},"Ту":{"wt":"Caliphate standard of Abdulmejid II (1922–1924).svg"},"Ту2":{"wt":"Ottoman flag.svg"},"Басқара бастады":{"wt":"18 қараша 1922"},"Басқаруын аяқтад

II Әбділмәжит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

II Әбділмәжит
عبد المجید ثانی - Abdü'l-Mecîd-i sânî
II Әбділмәжит
II Әбділмәжит
Лауазымы
Ту
Ту
102. Османлы халифасы
Ту
Ту
18 қараша 1922  3 наурыз 1924
Ізашары VI Мехмет
Ізбасары халифат жойылды
Өмірбаяны
Діні сүнни ислам
Дүниеге келуі 29 мамыр 1868 (1868-05-29)
Бешикташ, Ыстанбұл, Осман империясы
Қайтыс болуы 23 тамыз 1944 (1944-08-23)(76 жас)
Париж, Франция
Династия Османлы әулеті
Әкесі Әбділғазиз
Анасы Қайранәділ қатын
Жұбайы Шаһсуар қатын (1896 бастап)
Хайрүнниса қатын (1902 бастап; 1936 жылы қайтыс болған)
Михримаһ Бихруз қатын (1912 бастап)
Әтие Мехисти қатын (1912 бастап)
Балалары Шаһзада Омар Фаруқ, Дүррішаһуар сұлтан

II Әбділмәжит (осман. عبد المجید ثانی — ʿAbdü'l-Mecîd-i sânî, түр. II. Abdülmecid; 29 мамыр 1868, Долмабахче сарайы, Ыстанбұл — 23 тамыз 1944, Париж) — Осман империясының 32-ші сұлтаны Әбділғазиздың алты ұлының бірі және 1922—1924 жылдары басқарған 102-ші, яғни соңғы ислам халифасы; 1926 жылдың 16 мамырынан 1944 жылдың 23 тамызы аралығында — Османлы әулетінің отағасы, суретші һәм музыкант.

Немере ағасы Мехмет Уәхидеддін тақтан безіп, елден қашып кеткен соң, Осман империясының халифаты сұлтандықтан бөлініп, сұлтан билігі жойылды. 1922 жылдың 18 қарашасында Ұлы ұлттық мәжілісінің шешімі бойынша, халифа лауазымына Әбділмәжит тағайындалды. Ол «мұсылман үмметтінің халифасы» (түр. halîfe-i Müslimîn) атағын 1924 жылдың 3 наурызына дейін, Османлы халифатын ресми түрде аяқтаған № 431 Заң қабылданғанға дейін иеленді. Түркия һәм дүниежүзілік тарихқа Әбділмәжит соңғы османлы халифасы (түр. Son Osmanlı Halifesi) ретінде кірді.

Өмірбаяны

II Әбділмәжит 1868 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны Әбділғазиз шаңырағында дүниеге келді. Немере ағасы VI Мехмет тұсында Әбділмәжит таққа үміткер мұрагер болды.

1922 жылдың 17 қарашасында сұлтандық жойылып, VI Мехмет елден қашып кеткендіктен, халиф атағынан айырылады. Сөйтіп 1922 жылдың 18 қарашасы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі II Әбділмәжитті халиф етіп тағайындайды. Әбділмәжит тек дінбасы ретінде ғана саналып, мүлдем саясатқа кіріспеді.

Түркия 1924 жылдың 3 наурызында халифатты жою және Османлы әулетінің мүшелерін елден қуу жайлы заңды қабылдайды. Сондықтан II Әбділмәжит Түркияны тастап кетуге мәжбүр болды. Ажалына дейін Османлы әулетінің басшысы болып есептелді. Кейін Францияда өмір сүріп, 1944 жылы Парижде қайтыс болады. Мединедегі Бақи Жәннәт зиратында жерленді.

Суреттері

Жоғары