| I Ысмайыл اسماعیل یکم | |
![]() | |
| 1524 жыл | |
|---|---|
| Ізбасары | I Тахмасп |
| Өмірбаяны | |
| Дүниеге келуі | 17 шілде 1487 Ардебиль, Иран |
| Қайтыс болуы | 23 мамыр 1524 (36 жас) Тебриз, Иран |
| Жерленді | Ардебиль |
| Династия | Сефевидтер әулеті |
| Әкесі | Хайдар Сефеви |
| Анасы | Халима бегім |
| I Ысмайыл Ортаққорда | |
| өңдеу | |
I Ысмайыл — Ирандағы Сефевидтер әулетi мемлекетiнiң негiзiн салушы. 1487 жылы Ирандағы Ардебиль қаласында дүниеге келiп, 1524 жылы Тебризде қайтыс болған. Ол 1500-1501 жылдары қызылбас тайпаларының көмегiмен Әзiрбайжанда үкiмет басына келдi. 1502 жылы Тебриздi бағындырғаннан кейiн шаһиншаһ (шаһтар шаһы) деген атақ алды. 1503-1510 жылдары Иранды толығымен, Арменияны, Иракты, Орта Азияның бiр бөлiгiн басып алды. I Ысмайылдың Орта Азияға басып кiруi көшпелi өзбектер мемлекетiмен соғысқа алып келдi. Соғыс шииттер мен сунниттер арасында дiни ұранмен жүргiзiлiп, екi жақ алма-кезек жеңiске жетiп отырды. 1510 жылы Мерв түбiнде болған шайқаста I Ысмайыл көшпелi өзбектердiң әскерiн талқандап, Мұхаммед Шайбанидiң басын кесiп алады. I Ысмайылдың батысқа қарай жылжуы 1514 жылы Сефевидтер мен Османлылар арасындағы соғысқа әкеп соқты. Шалдыран түбiнде османлылардан жеңiлiп, Батыс Армения, Күрдiстан, Ирактан айырылады. I Ысмайыл өз заманында бiлiмдi адам болған. Ақындарға, суретшiлерге, ғалымдарға қамқорлық жасап отырған. Ол көрнектi әзiрбайжан ақыны ретiнде де белгiлi болып, өз шығармаларын Хатаи деген бүркеншiк атпен жазған.

- 17 шілдеде туғандар
- 1487 жылы туғандар
- 23 мамырда қайтыс болғандар
- 1524 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Сефевид әулеті