Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Мүміндер әміріЕкі киелі қаланың қызметкері"},"Суреті":{"wt":"Abdulmajid I (Abdulmacid I).jpg"},"Атауы":{"wt":""},"Сурет ені":{"wt":""},"Елтаңба":{"wt":""},"Елта

I Әбділмәжит

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

I Әбділмәжит
осман. عبد المجيد اول — Abd ül-Mecîd-i evvel
Мүміндер әмірі
Екі киелі қаланың қызметкері
I Әбділмәжит
Лауазымы
Ту
Ту
Османлы мемлекетінің 31-ші сұлтаны
Ислам халифатының 96-шы халифі
1 шілде 1839  25 маусым 1861
(Лақап аты Танзиматшы I Әбділмәжит)
Ізашары II Махмұт
Ізбасары Әбділғазиз
Өмірбаяны
Діні Ислам
Дүниеге келуі 23 сәуір 1823 (1823-04-23)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Қайтыс болуы 25 маусым 1861 (1861-06-25)(38 жас)
Константинополь, Османлы мемлекеті
Жерленді I Әбділмәжит мазары, Ыстамбұл
Династия Османлы әулеті
Әкесі II Махмұт
Анасы Безмиалем сұлтан
Жұбайы Серуетседа қатынәпенді
Севкефза қатынәпенді
Хошияр қатынәпенді
Тірімүжгян қатынәпенді
Вердижанан қатынәпенді
Гүлжамал қатынәпенді
Рахима Пересту қатынәпенді
Гүлістан қатынәпенді
Дүздіділ қатынәпенді
Безмара қатынәпенді
Махитап қатынәпенді
Балалары Ұлдары:
V Мұрат
II Әбділхамит
V Мехмет
Ахмет Кемеледдин әпенді
Мехмет Бұрханеддин әпенді
Ахмет Нұреддин әпенді
Сүлеймен Сәлім әпенді
VI Мехмет
Қыздары:
Фатима сұлтан
Рафия сұлтан
Жәмиля сұлтан
Мүнира сұлтан
Бехиже сұлтан
Нәдиля сұлтан
Медихе сұлтан
Маржан сұлтан
Қолтаңбасы Қолтаңбасы
I Әбділмәжит Ортаққорда

I Әбділмәжит (осман. عبد المجيد اول — Abd ül-Mecîd-i evvel; 23 сәуір 1823 — 25 маусым 1861) — Османлы мемлекетінің 31-ші сұлтаны, Ислам халифатының 96-шы халифі.

I Әбділмәжит тұсында Османлы мемлекетінің мемлекеттік туы мен әнұраны қабылданды, мұсылман болмаған азаматтар әскерде қызмет ету құқығын алды, Османлы заңнамасы Наполеон кодексі үлгісімен өзгертілді, темір жол мен телеграф пайда болды.

Өмірбаяны

Танзиматшы I Әбділмәжит

I Әбділмәжит 1823 жылы османлы елордасы Константинопольде османлы сұлтаны II Махмұт шаңырағында дүниеге келді.

Қожа Мұстафа Рәшіт паша кеңесімен "Шәріп Хат" (осман. خط شريف — Hatt-ı Şerîf) атты құжат шығарып, сол құжат бойынша османлы азаматтарына теңдікті және олардың мүліктері мен өмірлеріне қожайындық ету секілді бұрынғы сұлтандық құқықтан бас тартуын жариялады. Сұлтан ұстанымды мінез иесі болмады және қоршаған адамдардың ықпалында болды, сондықтан жүргізген жаңартпалары жүйесіз болды.

Сыртқы саясат

Одақтастар: I Әбділмәжит, Виктория және III Наполеон (солдан оңға қарай)

Британ үкіметінің қарсылығына қарамастан, 1840 жылдары сұлтан Ирландиядағы ашаршылық кезінде ирландықтарға ақшамен және нанмен көмектесті.

1850 жылы сұлтан, Ұлыбритания қолдауымен, 1848 жылғы төңкерістегі поляк төңкерісшілерін Аустрия мен Ресейге тапсыруға бас тартты. Жауап ретінде аустриялықтар 1852 жылы османлыларды Черногориядан қуып жіберді.

Қырым соғысы

1850 жылдарының басында православиеліктер мен католиктерде Құдыстағы киелі жерлер үшін жанжал басталды. Осы шіркеулердің жанжалына І Николай мен III Наполеон кірісті. Бұл тайталас мәмілегерлік патқа әкеп соқты, османлылар Ұлыбритания мен Францияның қолдауымен Ресейге соғыс ашты. Осылайша Қырым соғысы басталды. Бұл соғыс басында ресейліктерді әлсіздендірген, бірақ 1860 жылдан бастап Ресей флоты жаңартылды, Қара теңіздегі бекіністер қайта салынды, ал 1870 жылдан кейін тіпті 1856 жылғы Париж бітім шартына сәйкес шектеулерге бағынбай бастады.

Соңғы жылдары

1856 жылдың 30 наурызында жасалған Париж бітім шартына христиандар да, мұсылмандар да қанағаттанбады. Босния, Болгария және Албания секілді елдерде көтерілістер болды, Дамаск пен Ливанда христиандардың қырғыны болды.

Ажалы

1858 жылы I Әбділмәжит сұлтандық қазынаның дағдарысын жариялады. Сұлтан халық алдында масқараға ұшырады. Бұл сәтсіздіктер оның еңсесін түсірді, сұлтан мемлекеттік істерге енді араласпады, өз уақытын көбінесе сарайда өткізді. Араққұмарлық пен құмарпаздық оның нашар денсаулығын одан әрі нашарлатты. 1861 жылдың 25 маусымында I Әбділмәжит туберкулезден қайтыс болды. Мәйіті өзіне арнап салынған I Әбділмәжит мазарында жерленді.

Суреттері

Садрағзамдары

Есімі Қызмет атқарған мерзімі Уақыты
213 Мехмет Әмин Рауып паша 1 шілде 1839 — 8 шілде 1839 7 күн
214 Қожа Қысырау Мехмет паша 8 шілде 1839 — 29 мамыр 1841 1 жыл 10 ай
215 Мехмет Әмин Рауып паша 29 мамыр 1841 — 7 қазан 1841 5 ай
216 Топал Ізетті Мехмет паша 7 қазан 1841 — 3 қыркүйек 1842 11 ай
217 Мехмет Әмин Рауып паша 3 қыркүйек 1842 — 30 маусым 1846 3 жыл 9 ай
218 Қожа Мұстафа Рәшіт паша 30 маусым 1846 — 28 сәуір 1848 1 жыл 10 ай
219 Ибраһим Сәрім паша 28 сәуір 1848 — 13 тамыз 1848 4 ай
220 Қожа Мұстафа Рәшіт паша 13 тамыз 1848 — 27 қаңтар 1852 3 жыл 5 ай
221 Мехмет Әмин Рауып паша 27 қаңтар 1852 — 7 наурыз 1852 2 ай
222 Қожа Мұстафа Рәшіт паша 7 наурыз 1852 — 7 тамыз 1852 5 ай
223 Мехмет Әмин Әли паша 7 тамыз 1852 — 4 қазан 1852 2 ай
224 Дамат Мехмет Әли паша 4 қазан 1852 — 14 мамыр 1853 7 ай
225 Мұстафа Наили паша 14 мамыр 1853 — 30 мамыр 1854 1 жыл 16 күн
226 Кипрлі Мехмет Әмин паша 30 мамыр 1854 — 24 қараша 1854 6 ай
227 Қожа Мұстафа Рәшіт паша 24 қараша 1854 — 4 мамыр 1855 6 ай
228 Мехмет Әмин Әли паша 4 мамыр 1855 — 1 желтоқсан 1856 1 жыл 7 ай
229 Қожа Мұстафа Рәшіт паша 1 желтоқсан 1856 — 2 тамыз 1857 9 ай
230 Мұстафа Наили паша 2 тамыз 1857 — 23 қазан 1857 2 ай
231 Қожа Мұстафа Рәшіт паша 23 қазан 1857 — 7 қаңтар 1858 3 ай
232 Мехмет Әмин Әли паша 7 қаңтар 1858 — 8 қазан 1859 1 жыл 9 ай
233 Кипрлі Мехмет Әмин паша 8 қазан 1859 — 24 желтоқсан 1859 2 ай
234 Мүтержім Мехмет Рүшді паша 24 желтоқсан 1859 — 27 мамыр 1860 6 ай
235 Кипрлі Мехмет Әмин паша 27 мамыр 1860 — 25 маусым 1861 1 жыл 1 ай
Ұлы Османлы Мемлекетінің сұлтандары
Ізашары
II Махмұт
I Әбділмәжит
1 шілде 1839 — 25 маусым 1861
Ізбасары
Әбділғазиз
I Осман · Орхан · I Мұрат · I Баязит · Сұлтанаралық · I Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Мұрат · II Мехмет · II Баязит · I Сәлім · I Сүлеймен · II Сәлім · III Мұрат · III Мехмет · I Ахмет · I Мұстафа · II Осман · I Мұстафа · IV Мұрат · Ибраһим · IV Мехмет · II Сүлеймен · II Ахмет · II Мұстафа · III Ахмет · I Махмұт · III Осман · III Мұстафа · I Әбділхамит · III Сәлім · IV Мұстафа · II Махмұт · I Әбділмәжит · Әбділғазиз · V Мұрат · II Әбділхамит ·
V Мехмет · VI Мехмет · II Әбділмәжит (соңғы халиф)
Әулет · Шежіре · Санат
Жоғары