| Led Zeppelin | |
![]() | |
Солдан оңға қарай: Джимми Пейдж, Джон Бонэм, Роберт Плант, Джон Пол Джонс | |
| Негізгі ақпарат | |
|---|---|
| Жанры | хард-рок |
| Белсенділік жылдары | 1968–1980 |
| Мемлекет |
|
| Қайдан | Лондон |
| Өлеңдерінің тілдері | |
| Лейблі | Atlantic Records |
| Бұрынғы қатысушылары | Роберт Плант |
| Басқа да жобалары | Band of Joy |
| ledzeppelin.com | |
Led Zeppelin — 1968 жылы Лондонда құрылған британдық рок-топ. Заманауи тарихтағы ең табысты, жаңашыл және ықпалды топтардың бірі ретінде танылды. Топтың құрамына вокалист Роберт Плант, гитарист Джимми Пейдж, басист және пернелі аспапшы Джон Пол Джонс және барабаншы Джон Бонэм кірді. Гитараның ауыр дыбысымен олар Хард-рок пен Хеви-металдың бастаушыларының бірі болып саналады, дегенмен олардың стилі әртүрлі әсерлерге, соның ішінде Блюз мен Халық әндеріне негізделген.
Рок-музыкадағы ең сәтті топтардың бірі: олардың альбомдарының бүкіл әлем бойынша таралымы 300 миллион данадан асады,АҚШ-та 112 миллион дана сатылды (төртінші орын). Топтың жеті альбомы Billboard 200 шыңына көтерілді. VH1 арнасының «Хард-роктың ең ұлы 100 әртісі» тізімінде №1 орында.Rolling Stone журналы ұжымды «ең ауыр топ» және «70-ші жылдардағы ең үздік топ» деп таныды. 1995 жылы Led Zeppelin Рок-н-ролл даңқ залына енгізілді, ал 2005 жылы олар бүкіл мансабындағы үлестері үшін «Грэмми» сыйлығын алды (Grammy Lifetime Achievement Award).
Дискография
- 1969 — Led Zeppelin
- 1969 — Led Zeppelin II
- 1970 — Led Zeppelin III
- 1971 — Led Zeppelin IV
- 1973 — Houses of the Holy
- 1975 — Physical Graffiti
- 1976 — Presence
- 1979 — In Through the Out Door
- 1982 — Coda
- Алфавит бойынша музыкалық топтар
- Ұлыбритания рок топтары
- Рок-н-ролл даңқ залына енген орындаушылар
- Grammy Lifetime Achievement Award иегерлері
- Billboard 200-де топ бастаған орындаушылар
- Atlantic Records орындаушылары
- Swan Song Records орындаушылары
- Музыкалық квартеттер
- 1968 жылы құрылған музыкалық ұжымдар
