Microsoft Office — құрамында Word мәтіндік процессоры, Excel электрондық кестесі, OneNote ескертпелер бағдарламасы, PowerPoint графикалық презентация программалары, OneDrive интернет-сервисі, SharePoint платформасы, Teams байланыс платформасы, Yammer компания аралық ішкі әлеуметтік желісі және Outlook электронды поштасы бар біріктірілген жүйе. Бұл жүйенің жалпы сомасы оның құрамындағы программалар құнының қосындысынан төмен болып келеді. Барлық программалар бірігіп, мәліметтер алмаса отырып жұмыс істей алады, олардың жұмысын үйлестіріп жеңілдетуге мүмкіндік беретін Microsoft Office Manadger утилиті де бар. Құрамындағы бағдарламалардың алдына әдетте MS қойып жазылады.
Нұсқалары
Excel бағдарламасының мысалында Microsoft Windows үшін:
- 1988 — Excel 2.0
- 1990 — Excel 3.0
- 1992 — Excel 4.0
- 1993 — Excel 5.0 (Windows NT)
- 1995 — Excel 7 (Windows 95)
- 1997 — Excel 97
- 1999 — Excel 2000 (9) — Microsoft Office 2000
- 2001 — Excel 2002 (10) — Microsoft Office XP
- 2003 — Excel 2003 (11) — Microsoft Office 2003
- 2007 — Excel 2007 (12) — Microsoft Office 2007
- 2010 — Excel 2010 (14) — Microsoft Office 2010
- 2013 — Excel 2013 (15) — Microsoft Office 2013
- 2016 — Excel 2016 (16) — Microsoft Office 2016
- Microsoft бұдан әрі Office немесе Excel бағдарламаларын дискретті нұсқаларында шығармайды. Оның орнына Windows Update көмегімен уақыт өте келе мүмкіндіктер автоматты түрде енгізіледі. Нұсқа нөмірі 16.0 болып қалады.
- Microsoft Office
- Microsoft бағдарламалық жасақтамасы
- MacOS бағдарламалық жасақтамасы