Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Qatar Airways (араб.: القطرية‎) — Катардың мемлекеттік әуе компаниясы. Штаб-пәтері Доһадағы Qatar Airways Tower-те орналасқан.

Qatar Airways

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Qatar Airways
القطرية
ИАТА
QR
ИКАО
QTR
Шақыру белгісі
QATARI
Құрылған жылы22 қараша 1993; 32 жыл бұрын (1993-11-22)
Қызметін бастады20 қаңтар 1994; 32 жыл бұрын (1994-01-20)
ХабтарХамад халықаралық әуежайы
АльянсOneworld
Әуе паркінің саны234
Ұшу бағыттарының саны173
Компания ұраныGoing places together (Бірге саяхаттайтын боламыз)
Штаб-пәтері Катар, Доһа
БасшыларыАкбар Әл-Бакер (CEO)
Сайты: qatarairways.com

Qatar Airways (араб.: القطرية‎) — Катардың мемлекеттік әуе компаниясы. Штаб-пәтері Доһадағы Qatar Airways Tower-те орналасқан.

Әуе компания 160-тан астам халықаралық бағыттарға ұшады. Qatar Airways британдық Skytrax агенттігінің мәліметтері бойынша бес жұлдызды әуе компанияларының бірі болып табылады. Дәл осы ұйымның шешімімен Qatar Airways 2021 жылы 6-шы рет әлемнің ең үздік әуе компаниясы атанды. Oneworld – жолаушылар авиациясы альянсының мүшесі. Qatar Airways 2021 жылы бұрын-соңды болмаған алтыншы рет (бұрын 2011, 2012, 2015, 2017, 2019) әлемнің үздік әуе компаниясы атағын жеңіп алып, сөзсіз сала көшбасшысы болып қала береді.

Маршруттық желі

2017 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Qatar Airways Африка, Азия, Еуропа, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия және Океаниядағы 160-тан астам бағытқа қызмет көрсетеді.

2017 жылдың 6 ақпанында Qatar Airways Boeing 777 ұшағы Дохадан Оклендке дейінгі ең ұзақ тоқтаусыз коммерциялық рейсті жасады. 16 сағат 20 минутта лайнер 14500 шақырым қашықтықты жүріп өтті.

Флот

2018 жылдың 20 ақпанында Qatar Airways өзінің алғашқы Airbus A350-1000 ұшағын жеткізді.

Жоғары