Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Паркер онкологиялық иммунотерапия институтыҰлттық денсаулық сақтау институттарыZymoGeneticsNovo NordiskaTyr Pharma

Фред Рамсделл

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Фред Рамсделл
ағылш. Frederick J. «Fred» Ramsdell
Туған күні

4 желтоқсан 1960 (1960-12-04)(65 жас)

Туған жері

Элмхерст, , Иллинойс, АҚШ

Азаматтығы

 АҚШ

Ғылыми аясы

иммунология

Жұмыс орны

Паркер онкологиялық иммунотерапия институты
Ұлттық денсаулық сақтау институттары
ZymoGenetics
Novo Nordisk
aTyr Pharma

Ғылыми дәрежесі

Иммунология бойынша философия докторы (PhD), 1987

Альма-матер

Калифорния университеті, Сан-Диего (1983)
Калифорния университеті, Лос-Анджелес (1987)

Несімен белгілі

полиартритты зерттеуші танымал

Марапаттары


Краффорд сыйлығы (2017)
Нобель сыйлығыФизиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығы (2025)

Фредерик Дж. «Фред» Рамсделл (ағылш. Frederick J. «Fred» Ramsdell, 4 желтоқсан 1960, Элмхерст, Иллинойс) — америкалық иммунолог, Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының лауреаты (2025).

Өмірбаяны

1960 жылы 4 желтоқсанда АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Элмхерст қаласында дүниеге келген.

1983 жылы Сан-Диегодағы Калифорния университетін биология мамандығы бойынша бакалавр дәрежесімен бітірді, содан кейін Лос-Анджелестегі Калифорния университетіне оқуға түсті, онда 1987 жылы иммунология мамандығы бойынша докторлық дәреже алды.

Оқуын аяқтағаннан кейін ол Сиэтлдегі Ұлттық денсаулық сақтау институттарына жұмысқа орналасты, ал 2016 жылы Сан-Францискодағы Шон Паркер атындағы қатерлі ісік иммунотерапиясы институтының басшысы болды.

2017 жылы Рамсделл, Александр Руденский және Симон Сакагути полиартрит саласындағы зерттеулері үшін Крафурд сыйлығымен марапатталды.

2025 жылы Рамсделл Симон Сакагути және Мэри Брунковпен бірлесіп физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығын алды.

Сілтемелер

Жоғары