Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры елдегі прокуратура органдарының орталықтандырылған жүйесіне басшылық жасайды. Өз уәкілетін жүзеге асыруда мемлекеттік ор

Бас Прокурор

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Бас Прокурор — мемлекеттегі заңдардың мүлтіксіз орындалуын қадағалайтын ең жоғары лауазым иесі.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры елдегі прокуратура органдарының орталықтандырылған жүйесіне басшылық жасайды. Өз уәкілетін жүзеге асыруда мемлекеттік органдарға, лауазымды адамдарға тәуелсіз болады, тек республика Президентіне ғана есеп береді. Қазақстан Республикасының Конституциясында Бас Прокурорды өз уәкілетін атқарып жүрген мерзім ішінде Сенаттың келісімінсіз тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот төрелігімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайтыны көзделген. Ол қылмыс үстінде ұсталған не ауыр қылмыстар жасаған реттерде ғана тікелей қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Парламент Сенатының келісімімен ҚР Президенті Бас Прокурорды 5 жыл мерзімге қызметке тағайындайды және босатады.

Жоғары