Ерғали Төлесінов (1916, Адай уезі (қазіргі Маңғыстау ауданы) Жыңғылды ауылы – 2006) — мемлекеттік қайраткер.
Өмірбаяны
- Алматы және Гурьевтегі (қазіргі Атырау) оқытушылар даярлайтын қысқа мерзімді курстарда оқыған.
- Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын (қазіргі Атырау аграрлы-техникалық колледжі) бітірген (1963).
- 1930–1940 жылдары мектепте мұғалім, ұжымшарда қоймашы, есепші
- 1940–1942 жылдары әскер қатарында болған.
- 1942–1950 жылдары Маңғыстау ауданы жинақ банкінің меңгерушісі, әскери-соғыс бөлімінің бастығы, жер бөлімінде меңгеруші
- 1954 жылдан Ленин ұжымшарының төрағасы, кеңшар директорының орынбасары болған.
Марапаттары
- 3-дәрежелі Даңқ ордені
- «Құрмет белгісі» ордені
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған.
Қоғамдық қызметі
- 1967 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.
Шежіре
Адай Батыр – Келімберді – Тобыш – Ораз – Жайық – Әлмәмбет – Шоңай – Тоқсанбай – Монша – Аралбай – Тұрымбет – Мақан – Төлесін – Ерғали
Санаттар:
- 1916 жылы туғандар
- Маңғыстау ауданында туғандар
- 2006 жылы қайтыс болғандар
- Атырау аграрлы-техникалық колледжі түлектері
- 3-дәрежелі Даңқ орденінің иегерлері
- Құрмет Белгісі орденінің иегерлері
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары
- КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасының иегерлері
- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 7-шақырылымының депутаттары
- Колхоздар төрағалары