ГРАФИКАЛЫҚ ПЛАНШЕТ (Графический планшет; graphic tablet) — жиектік кескіндерді нүктелеп енгізу қүрылғысы. Графикалық планшет сызуға арналған қаламмен жасақталып, компьютерге қосылған жазық тақта болып келеді. Қаламмен планшет бетіне жайылған қағазға кескін сызылады. Графикалық планшеттің каламды басу арқылы іске қосылатын көптеген өте нәзік ауыстырғыштары бар, солардың көмегімен салынған сызықтар экранда бейнеленеді. Ал арнайы программалар әр нүктенің орнын цифрға айналдырып, келешекте пайдалануға лайықты түрде компьютердің жадыңда сақтайды.
Санаттар:
- Ақпараттану
- Компьютерлік техника