| ||||
| Лақап аттары | Риверсайдтықтар | |||
|---|---|---|---|---|
| Құрылған жылы | 1875 | |||
| Стадионы | «Ивуд Парк», Блэкберн | |||
| Сыйымдылығы | 31367 | |||
| Иесі |
| |||
| Бас жаттықтырушы |
| |||
| Капитаны |
| |||
| Сайты | ||||
| Жарыс | Чемпионшип | |||
| 2023/24 | 19 | |||
| Формасы | ||||
| ||||
«Блэкберн Роверс» (ағылш. Blackburn Rovers FC) — Англияның Блэкберн қаласындағы футбол клубы. 1875 жылы құрылған, 1888 жылы Англия футбол лигасының негізін қалаушы 12 клубтың бірі болды. Өз алаңындағы ойындарын "Ивуд Парк" стадионында өткізеді. Клуб қазір Англияның екінші дивизионында ойнайды.
Тарихы
1994 жылы "Манчестер Юнайтедті" ғана алға оздырып, Англия чемпионатында екінші орынға табан тіреді.
1995 жылы Кенни Далглиштің жаттықтыруымен Премьер лигада тұңғыш рет жеңімпаз атанды. Ол жылы клубта Алан Ширер, Грэм Ле Со, Дэвид Бэтти, Крис Саттон секілді футболшылар доп тепті. Маусым біткен соң Далглиш кетті де, клуб бұрынғы деңгейіне қайта көтеріле алмады.
2011/12 жылғы маусымда премьер-лигадан кетті. 2017 жылы тіпті үшінші дивизионға төмендеді. Осылай "Блэкберн" Англия чемпиондарының арасында үшінші лигаға түсіп кеткен тұңғыш клуб саналды.
Жетістіктері
- Бірінші дивизион / Премьер-лига
- Чемпион (3): 1911/12, 1913/14, 1994/95
- Вице-чемпион (1): 1993/94
- Екінші дивизион
- Чемпион (1): 1938/39
- Вице-чемпион (2): 1957/58, 2000/01
- Үшінші дивизион
- Чемпион (1): 1974/75
- Вице-чемпион (1): 1979/80
- Англия кубогы
- Жеңімпаз (6): 1884, 1885, 1886, 1890, 1891, 1928
- Финалист (2): 1882, 1960
- Англия Лига кубогы
- Жеңімпаз (1): 2002
- Англия суперкубогы
- Обладатель (1): 1912
- Финалист (3): 1928, 1994, 1995
Атақты ойыншылары
Дэвид Бентли
Дэвид Бэтти
Энди Коул
Грэм Ле Со
Пол Робинсон
Крис Саттон
Дэвид Томпсон
Алан Ширер
Тим Шервуд
Дэвид Данн
Бретт Эмертон
Дэмьен Дафф
Мичел Сальгадо
Хеннинг Берг
Сілтемелер
- Ресми сайт (ағыл.)
- Алфавит бойынша футбол клубтары
- 1875 жылы құрылған футбол клубтары
- Англия футбол клубтары