| Компьютерлік жад түрлері |
| Энергияға тәуелді |
|
| Энергиядан тәуелсіз |
|
Статикалық жад немесе SRAM (ағылш. static random-access memory) — ақпаратгы (қоректендіру кернеуі болып тұрса) ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндігі бар жад. Статикалық жад ұяшықтары триггерлер негізінде жүзеге асырылады. Динамикалық жадқа қарағанда бұл ұяшықтар күрделі және кристалла көбірек орын алады. Бірақ оларды басқару жеңіл және қайта-қайта жаңартудың қажетгігі жоқ. SRAM жадына қатынас құру уақыты 15-25 не (ал DRAM жадына 60-100 не). Егер де SRAM жады жедел жад ретінде пайдаланылса, онда есептеу машиналарының шапшаңдығы жоғары болады және оның құны да өзгереді. Себебі, SRAM бағасы DRAM микросхемасынан әлдекайда қымбат. Сондықтан SRAM элементгері тек арнайы міндетгер орыңдау үшін (бүркеме-жад, BIOS параметрлерінің жады және т.б.) қолданылады. Сақталатын мәліметтер жоғалмау үшін микросхема аккумулятордан қоректеніп түруы керек. Статикалық жадтың түрлері — Async SRAM, Sync Burst SRAM, Pipelined Burst SRAM.
- Компьютерлік жад