| Ла-Ла Ленд | |
| La La Land | |
| | |
| Жанры | мюзикл |
|---|---|
| Режиссёрі | Дэмьен Шазелл |
| Продюсері | Фред Бергер |
| Сценарийдің авторы | Дэмьен Шазелл |
| Басты рөлдерде | Райан Гослинг |
| Операторы | Лайнус Сандгрен |
| Сазгері | Джастин Гурвиц |
| Кинокомпания | Black Label Media |
| Ұзақтығы | 128 мин. |
| Бюджеті | 30 млн $ |
| Кассалық түсімі | 69 456 587 $ |
| Мемлекет |
|
| Тілі | |
| Шыққан жылы | 2016 |
| IMDb | |
| http://www.lalaland.movie Ортаққордағы Ла-Ла Ленд | |
«Ла-Ла Ленд» (ағылш. La La Land) — Дэмьен Шазелл түсірген америкалық трагикомедия жанрындағы мюзикл фильмі. Лентаның әлемдік премьерасы 2016 жылдың 31 тамыз күні Венециан халықаралық кинофестивальінде өткізіліп, сол фестивальдің ашылу фильмі ретінде көрсетілді, ал Қазақстандағы премьерасы — 2017 жылдың 12 қаңтар күні. Фильм Лос-Анджелестегі жас актрисаға ғашық болған джаз пианошы туралы баяндайды.
Фильмнің слоганы — «Ержүрек арманшылдарға арналады…» (ағылш. Here's to the fools who dream)
Шығарылым
«Ла-Ла Ленд» туралы 2014 жылдың 5 маусымында фильмнің бас рөлдеріне Майлз Теллер және Эмма Стоун қарастырылған кезінде белгілі болды, бірақ көп кешікпей әртістің екеуі де жобадан кетті. 2015 жылдың 30 сәуірінде олардың орнына Райан Гослинг және Эмма Стоун келді.
Түсірілім
Фильмнің түсірілімі 2015 жылдың 10 тамыз күні Лос-Анджелесте басталды.
Рөлдерде
- Райан Гослинг — Себастьян
- Эмма Стоун — Миа Долан
- Джонатан Симмонс — Босс
- Финн Виттрок — Грег
- Розмари Девитт — Себастьянның апасы
- Джон Ледженд — Кит
- Джейсон Фукс — Карло
- Джессика Рот — Алексис
- Соноя Мидзуно — Кейтлин
- Калли Эрнандес — Трейси
- Джош Пенс — Джош
Музыка
Фильмге арнлаған өлеңдерді және музыканы Дэмьен Шазеллдің Гарвард университетіндегі курстасы Джастин Гурвиц жазып оркестрлеген. Өлеңдер мәтінін "Start a Fire" (авторлары: Джон Ледженд, Гурвиц, Мариус де Фриз және Анжелика Синелу) өлеңінен басқа Бендж Пасек және Джастин Пол жазған.
Саундтрек
- Фильм актерлері – Another Day of Sun – 3:48
- Эмма Стоун, Калли Эрнандес, Соноя Мидзуно және Джессика Рот – Someone in the Crowd – 4:19
- Джастин Гурвиц – Mia and Sebastian's Theme – 1:37
- Райан Гослинг және Эмма Стоун – A Lovely Night – 3:56
- Джастин Гурвиц – Herman's Habit – 1:51
- Райан Гослинг – City of Stars – 1:51
- Джастин Гурвиц – Planetarium – 4:17
- Джастин Гурвиц – Summer Montage/Madeline – 2:04
- Райан Гослинг және Эмма Стоун – City of Stars – 2:29
- Джон Ледженд – Start a Fire – 3:12
- Джастин Гурвиц – Engagement Party – 1:27
- Эмма Стоун – Audition (The Fools Who Dream) – 3:48
- Джастин Гурвиц – Epilogue – 7:39
- Джастин Гурвиц – The End – 0:46
- Джастин Гурвиц – City of Stars (Humming) (Эмма Стоунмен бірге) – 2:43
- Алфавит бойынша фильмдер
- 2016 жылғы фильмдер
- АҚШ музыкалық фильмдері