Бұрыштық (лат. Norma) — аспанның оңтүстік жарты шарындағы шағын шоқжұлдыз. Ең жарық жұлдызының жұлдыздық шамасы 4,0-тен аспайды. Ол Сарышаян, Садақа орны (Садахана), Оңтүстік Үшбұрыш және Бөрі шоқжұлдыздарының арасында орналасқан (қ. Жұлдыздық аспан картасы). Республиканың оңтүстік аудандарында мамыр — маусым айларында көрінеді.
Санаттар:
- Астрономия
- Механика
- Бұрыштық (шоқжұлдыз)