Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Ұрыс қимылдары — қарулы күштердің барлық түрлерінің, бөлімдер мен құрамалардың, әскер бірлестіктерінің алдына қойылған ұрыс тапсырмасын орындау барысындағы ұйым

Ұрыс қимылдары

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Ұрыс қимылдары — қарулы күштердің барлық түрлерінің, бөлімдер мен құрамалардың, әскер бірлестіктерінің алдына қойылған ұрыс тапсырмасын орындау барысындағы ұйымдасқан қимылдары. Ұрыс қимылдарының негізгі түрлері — шабуыл және қорғаныс. Олар жердегі, әуедегі және теңіздегі операциялар, шайқастар, ұрыстар мен соққылар ретінде жүргізіледі. Оперативтік-стратегиялық және стратегиялық ауқымдағы ұрыс қимылдарына “соғыс қимылдары” деген термин қолданылады.

Қарулы күштері түрлерінің бірлестіктері мен құрамаларының операциялар ауқымында (немесе операциялар арасында) үлкен масштабтағы бірлестіктер құрамында оперативтік қолданылу түрі. Ұрыс қимылдарының басқа түрлері дегенде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің, әскери-әуе күштерінің, әскери-теңіз флотының бірлестіктерін оперативті қолданудың ерекше түрі ретіндеп жүйелі ұрыс қимылдары ұғынылады.

Жоғары