Баға ауқымы - белгілі бір елде ақша өлшемі ретінде қабылданған, барлық тауарлардың бағасын өлшеу және тұлғалау үшін пайдаланылатын металдың (алтын мен күмістің) салмақ мөлшері. Баға ауқымы — ақшаның техникалық атқарымы, ақша өлшемінің құнын көрсететін құрал. Заңды сипатта болады және мемлекеттің еркіне байланысты, тауардың құнын емес, бағасын көрсетуге қызмет етеді.
Санат:
- Өлшем бірліктері