
Кеңейту шинасы (Шина расширения; expansion bus) — 1) дербес компьютердің қосымша құрылғыларын қосуға арналған, оның кеңейту слоттарына жалғанған негізгі жүйелік шина; 2) адаптер тақшалары орнатылатын қуыс орындар. Шалғай құрылғылардың (есептеу машиналарының мүмкіндіктерін арттыратын) әр түрлі адаптерді іске қосуға арналған қуыс-орындар саны мен түрлері жүйенің қызметтік кеңейту мүмкіндіктерін анықтайды. Кейбір кеңейту шиналары: МСА-16, МСА-32, РС-104, ISA-8, ISA-16, EISA, VLB, PCI және т.б.
Кеңейтілген тақша (расширенная плата; extender board) — компьютердің қызметтік мүмкіндігін арттыруға арналған, оның кеңейту слоттарының біріне қондырылған схемалық тақша. Олар жаңа құрылғыларды — модемді, енгізушығару порттарын және т.б. — қосуға арналған.
- Жүйелік тақта