| Оның Қасиеттілігі Папа XIV Лео лат. Leo XIV | |||
![]() | |||
| XIV Лео, 2025 жыл | |||
| |||
|---|---|---|---|
| 8 мамыр 2025 жылдан бастап | |||
| Таңдалуы | 8 мамыр 2025 | ||
| Ізашары | Франциск | ||
| |||
| 30 қаңтар 2023 — 8 мамыр 2025 | |||
| Ізашары | Марк Уэлле | ||
| Туған күні | 14 қыркүйек 1955 (70 жас) Чикаго, Иллинойс, Америка Құрама Штаттары | ||
| Әулеті | Family of Pope Leo XIV | ||
| Монахтықты қабылдауы | 2 қыркүйек 1978 | ||
| Эпископтық хиротония | 12 желтоқсан 2014 | ||
| Кардинал | 30 қыркүйек 2023 | ||
![]() | |||
XIV Лео (лат. Leo XIV, туған есімі — Роберт Фрэнсис Превост,ағылш. Robert Francis Prevost; 14 қыркүйек 1955 жыл, Чикаго) — 2025 жылғы мамырдан бергі Рим папасы. Осы лауазымның иесі ретінде ол — Католик шіркеуінің басшысы, Ватиканның егемені.
Чикагода туған Превост бұрын америкалық-перулік куриялық кардинал және августиндік еді. XIV Лео — Америка Құрама Штаттары мен жалпы Солтүстік Америкада туған тұңғыш Рим папасы.
Ерте жылдары және білімі
Роберт Фрэнсис Превост 1955 жылғы 14 қыркүйекте, Чикагода дүниеге келген. Әкесі Мариус ПревостЕкінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан АҚШ Әскери-теңіз күштерінің ардагері және мектеп әкімшісі еді және француздар мен итальяндардан тараған болатын. Милдред Мартинез есімді кітапханашы анасының бабалары испандар еді. Превосттың екі ұл ағайындысы бар.
Долтон, Иллинойста тәрбиеленген Превост Чикагода министрант еді. 1977 жылы Превост Вилланова университетінен математика бакалавриатын алды.
Превост ағылшын, испан, итальян, француз және португал тілдерін меңгерген, латын және неміс тілдерін оқи алады.
Августиндік (1977–2025)
Діни қызметкер боламын деген Превост 1977 жылғы қыркүйекте Әулие Августин орденінің мүшесі болып, 1978 жылғы қыркүйекте ант берді.
1982 жылғы 16 маусымда августиндік Жан Жадо Превостты діни қызметкер қылды. 1984 жылы Превост канондық құқық бойынша лиценциатқа, 1987 жылы Римдағы Әулие Аквиндік Фома Папа университетінен докторантураға қол жеткізді.
1985 жылдан Превост августиндердің Перудағы миссияларына қатысатын болды, 1985 жылдан 1986 жылға дейін Чулуканас епархиясын басқарды. 1988 жылы ол Перуға оралып, келесі он жыл бойы Трухильодағы діни оқу орнын басқарды. Канондық құқық оқытқан Превост, оған қоса, жергілікті аймақтық шіркеу соттарында судья болатын, қала шетінде жиналыс басқарды.
1998 жылы Превост Чикаго августиндік провинциясына сайланып, 1999 жылғы 8 наурызда АҚШ-қа оралып, лауазымын қабылдады.
Чиклайо епархиясы (2014–2023)
2024 жылғы 3 қарашада Папа Франциск Превостты Чиклайо епархиясының апостолдық әкімшісі етіп тағайындады. 2015 жылғы 26 қыркүйекте ол Чиклайо епископы атанды. 2015 жылы ол Перу азаматтығын алды.
2019 жылғы 13 шілдеде Превост Римдағы Дін басылар істері дикастериясының мүшесі болып тағайындалды. 2020 жылғы 21 қарашада Франциск оны Епископтар дикастериясының мүшесі қылды.
Епископтар дикастериясы (2023–2025)
2023 жылғы 30 қаңтарда Папа Франциск Превостты Епископтар істері дискатериясының кардинал-префекті етіп тағайындады, 12 сәуірден Превост Чиклайо эмерит архиепископ-епископы атағына ие болды.
Кардинал

2023 жылғы 9 шілдеде Папа Франциск 2023 жылғы 30 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған консисторияда Превостқа кардинал атағын беруді жоспарлады.
2025 жылғы 6 ақпанда Папа Франциск кардинал Превостты кардинал-епископ деңгейіне көтерді, Альбано субурбикариялық епархиясының лауазымын берді.
Рим папасы (2025–)
Сайлануы
Папа Францисктің өлімінен кейін орын алған 2025 жылғы конклав барысында оның ізбасары болып Превост сайланды. Папалықты қабылдаған Превост XIV Лео есімін таңдады.
Қызметі
XIV Лео Рим папасы ретіндегі алғашқы шетелдік сапарын Түркия мен Ливанға жасады. Сапарында ол халықаралық пен дінаралық бейбітшілікке шақыртты.
Көзқарасы
Шіркеу саясаты
2023 жылғы мамырда Превост басқару қабілетінің емес, Құдайға сенімнің епископтар басшылығындағы ең жоғары бағаланғанын талап етті.
Превост шіркеудің жаһандық жылынуға қарсы күрескенін жөн көреді.
Әлеуметтік және саяси мәселелер
XIV Лео әйелдердің диакондыққа қабылдануына қарсы, бұл өзгерістің «жаңа қиындыққа» әкеле алатынын айтты.
XIV Лео эвтаназия мен абортқа қарсы.
Чиклайо епископы ретінде Превост мектеп бағдарламасындағы гендер түсіндірілуіне қарсы болды, бұл түсініктердің «гомосексуал тұрмыс дәстүріне» әкеле алатынын айтты.
Папа XIV Леоның Чиклайодан бергі жолдасы Хесус Леон Анхелес Леоның Перудағы венесуэлалық босқындар үшін уайымдағанын айтқан.
Twitter-дегі жазбаларында Превост аборт, бала көтертпейтін дәрі-дәрмек пен өлім жазасын сынға алды,Джордж Флойдқа аянышпен қарап, Дональд Трамп пен Джей Ди Вэнстың миграция саясатын сөкті.
Өз өмірі
XIV Леоның екі ағасы бар, Луис пен Джон. Олардың анасы Милдред 1990 жылғы 18 маусымда және әкесі Луис 1997 жылғы 8 қарашада қайтыс болған. Жақындары Леоны шіркеу емес жерде Боб, Роб дейтін. Екі ағайындының үлкені, Луис, Флоридада тұрады, әскерде қызмет еткені бар, екінші ағайындысы Джон мансабын білім беру саласында бастады. Конклавқа бір күн ғана қалғанда бауырларымен телефон арқылы сөйлескен Превост өз болашақ Папалық есімі жайлы әзілдеген болатын.
Ескертпелер
- Кейбір деректерде есімі орыс тілінен алынып, XIV Лев деп жазылады.
- Қазақтілді дереккөздің біразы Роберт Превосттың тегін Прево деп жазады. Бұл, алайда, есімнің ағылшын тілінде оқылуына сәйкес келмейді. Осылайша, Превост — тектің дұрыс жазылуы.
- 14 қыркүйекте туғандар
- 1955 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Чикагода туғандар
- Рим папалары
- Франциск кардиналдары
- Августиндер
- XIV Лео