«Астрологиялық трактат» — Әбу Насыр Әл-Фарабидің астрологияға арналған белгілі шығармасы. Толық атауы — «Астрологиялық болжамдарда не дұрыс, не теріс».
Орысша аудармасы 1975 жылы Алматыда «Ғылым» баспасынан жарық көрген ұлы ғұламаның «Математикалық трактаттарына» енген. Әл-Фараби бұл трактатында философия, логика, жаратылыстану ғылымдарының сол кездегі жетістіктеріне сүйене отырып, аспан туралы ғылым қағидалары мен ережелерінің дұрыс-бұрыс екенін ажыратып берген. «Жұлдыздар бойынша болашақты болжауға болады» деп санайтын астрологияның жалған ғылым екенін дәлелдейді. Беймәлім, кездейсоқ құбылыстарды тәжірибе немесе алдын ала жүргізілген есептеулер арқылы болжап-білуге болмайтындығы жайлы қағидасы ықтималдықтар теориясының философия бастамасы болып табылады. «Астрологиялық трактатта» адамзат білімінің кемелсіздігі, шарттылығы туралы пайымдаулар айтылады.
«Астрологиялық трактатта» ол пікірлер мен идеялар Әбу Насыр Әл-Фарабидің ізбасарлары Әбу Райхан Әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, сондай-ақ Леонардо да Винчи еңбектерінде қолдау тауып дамытылған.
- Әл-Фараби
- Астрология
- Астрономия тарихы
- Астрономия кітаптары