Сазды тақтатастар аспидті тақтатас, жабындық тақтатас — метаморфизм әсерінен сазды минералдары гидрослюдаларға, хлоритке, тағы басқа қосылыстарға айналған шөгінді тау жынысы. Құрамында хлорит, каолинит, кварц, дала шпаттары, карбонаттар, темір сульфидтері және басқа сазды, сазды емес минералдар кездеседі. Кеуектілігі 1%-дай, суда жібіп ісінбейді.
- Түсі сұр, қара сұр.
- Органикалық көмірлі заттан тұратын қара түсті түрі аспидті, ал қалыңдығы 2 — 6 мм жұқа тақталы түрін жабындық деп атайды.
- Сазды тақтатастар литогенез процесінің катагенез, метагенез сатыларында саздың жер қойнауына батып, жоғары қысым мен температураның әсерінен тығыздалып қайта кристалдануынан жаралады. Метаморфизм әсерінен cазды тақтатастар филлиттерге, серицитті, кварц-серицитті, хлорит-серицитті, кристалды тақтатастарға, тағы басқаға айналады.
- Сазды тақтатастарды құрылыста, электртехникада қолданады. Қазақстанда Сарыарқа өңірінде ірі кендері кездеседі.
Санат:
- Геология