| Өскемен Халықаралық әуежайы | |||
|---|---|---|---|
| |||
| IATA: UKK – ICAO: UASK (УАСК) | |||
| Қысқаша мәлімет | |||
| Әуежай түрі | Азаматтық | ||
| Иесі | «Өскемен халықаралық әуежайы» АҚ | ||
| Орналасқан орны | Өскемен, Қазақстан | ||
| Теңіз деңгейінен биіктігі | 938 ф / 286 м | ||
| Координаттар | 43°21′07″ с. е. 077°02′26″ ш. б. / 43.35194° с. е. 77.04056° ш. б. (G) (O) (Я) | ||
| Сайты | |||
| Ұшып-қону жолақтары | |||
| Жолақ бағыты | Ұзындығы | Айдыны | |
| фут | м | ||
| 12/30 | 8 235 | 2 510 | асфальт-бетон |
| 12/30 | 5 577 | 1 700 | топырақ |
Өскемен әуежайы — Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан облысындағы Өскемен қаласының халықаралық әуежайы. Қала орталығының солтүстік-батысында 11 км жерде орналасқан.
Тарихы
«Өскемен әуежайы» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті Қаржы вице-министрінің 1998 жылдың 28 желтоқсандағы № 747 қаулысын орындау мақсатында «Ертіс Авиа» және «Үлбі» акционерлік қоғамдарынан бөлініп, жарғылық капиталға мемлекеттің жүз пайыздық қатысуымен құрылды.
Кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1704 қаулысымен «Өскемен әуежайы» ААҚ акцияларының мемлекеттік пакеті коммуналдық меншікке берілді.
2004 жылы «Өскемен әуежайы» ашық акционерлік қоғамы акционерлік қоғам болып өзгертілді. Осыдан кейін 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 60 қабылдау-тапсыру актісімен «Өскемен әуежайы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өтті.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 829 бұйрығы негізінде «Өскемен әуежайы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеті «Ертіс әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ акциялары жарияланған құнына төлем ретінде берілді.
Әуе компаниялары және бағыттары
| Әуе компаниясы | Бағыттары |
|---|---|
| Алматы, Астана | |
| Астана, Алматы | |
| Алматы | |
| Алматы, Астана | |
| Зайсан, Қарағанды | |
| Мәскеу, Жаңасібір |
Тиімділік көрсеткіштері
2018 жылы Өскемен қаласының әуежайы 393 мың 34 жолаушыға қызмет көрсетіп, 662 тонна жүкті өңдеді.
Жолаушылар легі
| Әуежай жолаушылар легі: | ||||||||||||||||||||
|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
| Жылы | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | ||||||||||||||||
| Жолаушылар легі | 304 778 | 286 613 | 346 571 | 393 034 | ||||||||||||||||
- Өскемен
- Қазақстан әуежайлары
