Саятүлеков Бағаналы (1895-1986) – күйшілік дәстүріндегі орындаушылардың бірі.
Бағаналы Саятүлеков 1895 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Көкжыра ауылында дүниеге келген. Алты жасынан бастап қолына домбыра ұстаған Бағаналы өзінің тарлан шабысынан, дүл-дүл аяқ алысынан жаңылмай өткен адам. Жас кезінде дауысы зор әнші, әрі домбырашы болған. Майталман домбырашының орындауында Тәттімбет, Тоқа, Раздық, Байжігіт, тағы басқа күйші-композиторлардың туындылары өз ерекшелігімен кейінгі ұрпаққа жетті. Бағаналы Тәттімбеттің «Көкейкесті» күйін алғаш орындаушылардың бірі. Ол 1937 жылы Алматыда өткен халық өнерпаздарының 1-слетіне және Жамбылдың 95 жасқа толу тойына шақырылып, өнер көрсетеді. Күйшінің репертуарында халыққа белгісіз 40-қа тарта күй болған екен. «Қорамжан», «Ащы күй», «Көктөбет», «Шыңырау», «Беласар» сияқты күйлердің нұсқасын бүгінге жеткізген, домбырашылығымен қатар, «Қосішек», «Барина-сударина», «Шопан тойы», «Гагаринге сүйінші», «Ой толғауы», «Қосбасар» сияқты бірнеше күйлер шығарған.
Шығыс Қазақстан мен Арқа өңіріндегі халық композиторлары күйлерін шебер орындаған.
- 1895 жылы туғандар
- 1986 жылы туғандар
- Күйшілер
- Тарбағатай ауданында туғандар