
Бофорт теңізі — Солтүстік мұзды мұхиттың Солтүстік Америка жағасындағы шеткі теңізі. Аляска түбегі (АҚШ) мен Канаданың Арктикалық топаралының батыс аралдары аралығында. Ауд. 481 мың км², ең терең жері 3749 м, орташа тереңдігі 1004 м. Теңіздің көп бөлігі құрлықтық қайраңда жатыр. Мұнда циклондық су айналымы байқалады. Жыл бойы мұз айдыны жауып жатады, тек тамызда оңт. жағасы 4оС-қа дейін жылынып, мұзқұрсаудың жиегі 50 — 100 км солтүстікке шегінеді. Теңізге Канада жерінен Маккензи өзені құяды. Бофорт теңізі ағылшын адмиралы Ф.Бофорттың есімімен аталған.
Санат:
- Теңіздер