Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Роуэн Себастьян Аткинсон CBE (ағыл. Rowan Sebastian Atkinson 6 қаңтар 1955 жылы, Консетт, Дарем, Англия, Ұлыбритания) — британдық актер, сценарист, продюсер жән

Роуэн Аткинсон

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Роуэн Аткинсон
ағыл. Rowan Atkinson
Сурет
Аткинсон 2011 жылы қыркүйекте
Жалпы мағлұмат
Туған кездегі есімі

Rowan Sebastian Atkinson

Туған күні

6 қаңтар 1955 (1955-01-06)(71 жас)

Туған жері

Консетт, Дарем, Ұлыбритания

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Мамандығы

актёр, сценарист, жазушы, продюсер

Белсенді жылдары

1979 — қазіргі уақытқа шейін

Бағыты

комедия

Марапаттары

BAFTA (1981, 1990)
Британ империясы ордені

IMDb

ID ID 0000100

Роуэн Себастьян Аткинсон CBE (ағыл. Rowan Sebastian Atkinson 6 қаңтар 1955 жылы, Консетт, Дарем, Англия, Ұлыбритания) — британдық актер, сценарист, продюсер және жазушы. Әлемге аттас сериалда мистер Бин комедиялық ролін сомдамуымен әйгілі. BAFTA сыйлығының лауреаты (1981, 1990), оның екіншісі «Қара сұр жылан» ситкомдағы рөлі үшін алды.

Өмірбаяны

Компания директоры және фермер Эрик Аткинсон мен Элла Мэй Бэмбридждің отбасында дүниеге келді. Роуэннің үш туған ағасы бар - Пол (бала кезінде қайтыс болған), Родни мен Руперт.

Болашақ актер болашақ Ұлыбритания Премьер-Министрі Тони Блэрмен бірге Дарем соборында дайындық мектебінде оқыды. Блэр 13 жаста болғанда 11 жасар Аткинсон оның мектебіне ауысқан болатын. Содан кейін Роуэн Камбрия графтығындағы Сэнт-Бис мектебін бітірді. 1975 жылы электротехниканы оқыған Ньюкасл университетін бітірді. Оксфордтық Куинз-колледжінде электротехника бойынша магистр дәрежесін алды (2006 жылдан бастап осы колледждің құрметті мүшесі).

Отбасы

1990 жылдан бастап 2015 жылдың 10 қарашасына дейін Роуэн Аткинсон гримші Санэстрэ Сестримен тұрмыс құрды. Үйлену тойын екі рет атап өтті: бірінші рет, барлығынан жасырын Нью-Йорктегі «Орыс шайханасы» мейрамханасында, бір аптадан соң Лондондағы сәнді «Савой» отелінің мейрамханасында 10 мың фунт жұмсап, 80 адамға залға тапсырыс берді. Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар - ұл Бен, қыз Лили. 2014 жылдан бастап Роуэн Луиз Фордпен қарым-қатынаста болды, ол 2017 жылдың желтоқсан айында оған үшінші бала тауып берді.

Рауанның үлкен ағасы Родни Аткинсон (1948 ж.т.) - белгілі ағылшын экономисті, саясаткер және публицист.

Мансабы

Аткинсонның актер ретінде мансабы 1978 жылы, The Atkinson People радиошоуда жетекші, сценариші және негізгі актері болған кезде басталды.

1990 жылы Аткинсонды бүкіл әлемге танымал қылдырған «Мистер Бин» телесериалын көрсете бастады. Сериал өте танымал болды, бір серия теледидарлар айналасында шамамен 20 миллион адамды жинады. Роуэн 1990 жылдан 1995 жылға дейін, содан кейін 2007 және 2015 жылдары бөлек эпизодтарда ролін сомдады. 1997 жылы толық метражды «Мистер Бин» фильмі жарыққа шықты, ал 2007 жылы оның жалғасы - «Мистер Бин демалыста» шықты.

2012 жылы ол Лондондағы Олимпиада ойындарының ашылуына қатысқан, Мистер Бин рөлін сомдап, синтезаторда (Korg M3) ойнап, «Отты күйме арба» фильмінің саундтрегін орындады.

Қызығушылығы, хоббиі

Роуэн Аткинсон 2009 жылы Goodwood Circuit-да Мистер Бин сериалынан танымал көріністі қайталауды

Мистер Биннің көлігі: Роуэн Аткинсонның кейіпкері 1970 жылғы Mini Leyland 1000cc лимонында жүреді. Шын өмірде актер Роуэн Аткинсон спорттық автокөліктер қызықтыратын коллекционер ретінде танымал. Сондай-ақ, ол кәсіби журналдарда үнемі мақала жазады, «Top Gear» телевизиялық бағдарламасының 17-маусымда қонақ болып келді (17 маусым/ 4 эпизод). Аткинсон жинағына мыналар кіреді:

  • Aston Martin DB7 Vantage
  • Aston Martin V8 Zagato
  • Audi A8
  • Ford Falcon
  • Honda Civic Hybrid
  • Honda NSX
  • McLaren F1
  • Morgan Aeromax
  • Morris Traveller
  • Renault 5 Turbo
  • Mercedes-Benz W100
  • Jaguar Mark VII — 1952 жылғы шығарылым.
  • Mercedes SLS.

Сондай-ақ, актер жүк тасу авто көлігі мен жол пойыздарын жүргізуге құқылы.

Фильмография

Роуэн Аткинсон мистер Бин рөлінде
ЖылҚазақша атауыШын атауыРөлі
1979қыс.Консервіленген күлкіCanned LaughterРоберт Бокс / Дэйв Перри
1979-1982сСағат тоғыздық емес жаңалықтарNot the Nine O'Clock Newsәртүрлі рөлдер
1983фӨлі уақытDead on TimeБернард Фрипп
1983фЕшқашан «ешқашан» демеNever Say Never AgainНайджел Смолл-Фосетт
1983-1989сҚара сүр жыланBlackadderЭдмунд, Эдинбург герцогы
1988қыс.Дэннис Дженнингстың кездесуіThe Appointments of Dennis Jenningsдоктор Шунер
1989фСұңғақThe Tall GuyРон Андерсон
1990фМыстандарThe Witchesмистер Стрингер
1990-1995сМистер БинMr. Beanмистер Бин
1993сЫстық бастар 2Hot Shots! Part DeuxДекстер Хэймэн
1994фТөрт үйлену той және бір жерлеу рәсіміFour Weddings and a FuneralДжеральд әке
1994мфАрыстан патшаThe Lion KingЗазу
1995-1996сЖұқа көк сызықThe Thin Blue Lineинспектор Рэймонд Фаулер
1997фМистер БинBeanмистер Бин
1999қыс.Дәрігер кім және қаңқұйлы өлімнің қарғысыDoctor Who and the Curse of Fatal DeathДәрігер
2000фБәрі де мүмкін, балақайMaybe Babyмистер Джеймс
2001фСорғы жарыстарыRat RaceЭнрико Поллини
2002фСкуби-ДуScooby-DooЭмиль Мондавариус
2002-2003мсМистер Бин: Анимациялық серияларMr. Bean: The Animated Seriesмистер Бин, дыбыстауы
2003фДжонни ИнглишJohnny EnglishДжонни Инглиш
2003фНағыз махаббатLove ActuallyРуфус
2005қыс.СпайдерманSpider-Plant ManПитер Пайпер / Человек-паучник
2005фАнаны сақтауKeeping MumУолтер Гудфеллоу
2007фМистер Бин демалыстаMr. Bean's Holidayмистер Бин
2011фДжонни Инглиш: Қайта жүктеуJohnny English: RebornДжонни Инглиш
2016-2017сМегрэMaigretкомиссар Жюль Мегрэ
2018фДжонни Инглиш 3Johnny English 3Джонни Инглиш
Жоғары