
Оразай Батырбеков (1927 жылы туған), экономист, қоғам қайраткері. Экономика ғыл. кандидаты(1971), доцент (1980). Ұлытаудың түлегі.
Найман тайпасы Бағаналы руының Бабас бөлімінен шыққан.
КазМУ-дің тарих факультегін (1951) бітірген. 1950-1970 жылдары Алматы қаласындағы Фрунзе ауданындағы комсомол комитетінің 2, кейінірек 1-хатшысы, ҚазМУ-дің Саяси экономия кафедрасының аспиранты, Қазақ өнеркәсіп кеңесі оқу комбинатының Саяси экономиядан оқытушысы, Алматы мемлекеттік медицина институтының Саяси экономия кафедрасының ассистенті, Алматы қаласындағы Қазақстан КП Фрунзе аудандық партия комитетінің үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі, Алматы калалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан КП ОК-нің жауапты ұйымдастырушысы, нұсқаушысы, партия органдары бөлім меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары, партия жұмысын ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Алматы Жоғары партия мектебінін ректоры болды. 30-дан астам ғылыми еңбектің авторы. 8-, 9-сайланған ҚазКСР Жоғары Кеңесінің депутаты, Қазақстан Компартиясы 12-16-съездерінің делегаты. КОКП 25-съезінің делегаты. 3 мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен марапатталған.
- Еркеш Оразайұлы Батырбеков - баласы.
- Тұлғалар