Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Нұғыман Әбішев (15.01.1906, Қарқаралы ауданы - 4.02.1988, Алматы), әнші. Қазақ КСР-інің халық артисі (1968).

Нұғыман Әбішев

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Нұғыман Әбішев (15.01.1906, Қарқаралы ауданы - 4.02.1988, Алматы), әнші. Қазақ КСР-інің халық артисі (1968).

Алғаш 1934 ж. Бүкілқазақстандық халық өнерпаздары слетінде жүлдегер атанған.

1935-1960 ж. Қазақ мемлекеттік филармониясында, 1960-1970 ж. «Қазақконцертте» әнші болды.

Абай, Біржан сал, Ақан сері, Жаяу Мұса және басқа халық композиторларының әндерін насихаттауда елеулі еңбек етті.

«Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Орындауындағы әндер қазақ радиосының алтын қорында сақтаулы.

Жоғары