| Уильям Уайлер | |
| ағылш. William Wyler | |
Уильям Уайлер (1945) | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Вилли Вилер |
| Туған күні | 1 шілде 1902 |
| Туған жері | Мюльхаузен, Эльзас, Герман империясы (қазір — Мюлуз, Франция) |
| Қайтыс болған күні | 27 шілде 1981 (79 жас) |
| Қайтыс болған жері | Беверли-Хиллз, Калифорния, АҚШ |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | режиссёр |
| Белсенді жылдары | 1925 — 1970 |
| Марапаттары | «Оскар» (1943, 1947, 1960) |
| IMDb | |
Ортаққордағы Уильям Уайлер | |
Уильям Уайлер (ағылш. William Wyler; 1 шілде, 1902. Мюлуз, Эльзас, Герман империясы — 7 шілде, 1981, Лос Анжелес, Калифорния, АҚШ) — америкалық кинорежиссёр, сценарийші және кинопродюсер. Уайлдер — Голливуд тарихындағы ең табысты режиссерлердің бірі. Ол рекордтық көрсеткішпен 12 рет «Оскар» сыйлығына ұсынылса, оның басшылығымен түскен актерлер мен актрисалар 36 рет номинация алып, оның 13 жеңіске жеткен.
Америкалық киноакадемия тарапынан «Үздік фильм» деп танылған «Миссис Минивер» (1942), «Өміріміздің үздік жылдары» (1946) және «Бен-Гур» (1959) туындылары үшін үш мәрте «Оскар» сыйлығын иеленген. Сондай-ақ, 1956 жылы «Достық ниет» фильмі үшін Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағын» жеңіп алды. Уайлер түсірген фильмдер жалпы алғанда «Оскардың» түрлі номинацияларына 127 рет ұсынылып, 38 алтын мүсіншені қанжығасына байлаған.
Кино тарихшысы Ян Фрир Уайлерді «нағыз перфекционист» деп сипаттайды: оның әрбір детальді мінсіз шыңдауға деген ұмтылысы мен дубльдерді сан мәрте қайталауға құштарлығы кезінде аңызға айналған болатын. Классикалық әдеби туындыларды экрандап, оларды кассалық табыс пен сыншылардың жоғары бағасына ие болған шоқтығы биік туындыларға айналдыра білуі оны 1930-1960 жылдар аралығындағы Голливудтың ең табысты әрі сенімді киногерлерінің біріне айналдырды. Сахналау, монтаж және камера қозғалысын шебер үйлестіру арқылы ол театрға тән кеңістікті шынайы кинематографиялық әлемге айналдыра алды. Сонымен қатар, Уайлер актерлердің ішкі әлемін аша білетін бірегей режиссер ретінде де танымал — ол талай артистің бағын ашып, оларды әлемдік жұлдыз деңгейіне көтерді.
Фильмография
Дыбыстық фильмдер
| Жыл | Атауы | Шынайы атауы | Рөлі | |
|---|---|---|---|---|
| 1929 | ф | Тозақ батырлары | Hell's Heroes | режиссёр |
| 1930 | ф | Дауыл | The Storm | режиссёр |
| 1931 | ф | Бөлінген үй | A House Divided | режиссёр |
| 1932 | ф | Калверлік Том Браун | Tom Brown of Culver | режиссёр |
| 1933 | ф | Оның алғашқы көмекшісі | Her First Mate | режиссёр |
| 1933 | ф | Заң кеңесшісі | Counsellor at Law | режиссёр |
| 1934 | ф | Гламур | Glamour | режиссёр |
| 1935 | ф | Мейірімді пері | The Good Fairy | режиссёр |
| 1935 | ф | Көңілді алдау | The Gay Deception | режиссёр |
| 1936 | ф | Осы үшеуі | These Three | режиссёр |
| 1936 | ф | Додсворт | Dodsworth | режиссёр |
| 1936 | ф | Келіңіз және оны алыңыз | Come and Get It | режиссёр |
| 1937 | ф | Тұйық | Dead End | режиссёр |
| 1938 | ф | Иезавель | Jezebel | режиссёр |
| 1939 | ф | Найзағайлы асу | Wuthering Heights | режиссёр |
| 1940 | ф | Батыстық | The Westerner | режиссёр |
| 1940 | ф | Хат | The Letter | режиссёр |
| 1941 | ф | Кішкентай түлкілер | The Little Foxes | режиссёр |
| 1942 | ф | Миссис Минивер | Mrs. Miniver | режиссёр |
| 1946 | ф | Өміріміздің үздік жылдары | The Best Years of Our Lives | режиссёр |
| 1949 | ф | Мұрагер әйел | The Heiress | режиссёр, продюсер |
| 1951 | ф | Детективтік хикая | Detective Story | режиссёр, продюсер |
| 1952 | ф | Кэрри | Carrie | режиссёр, продюсер |
| 1953 | ф | Рим демалысы | Roman Holiday | режиссёр, продюсер |
| 1955 | ф | Үрейлі сағаттар | The Desperate Hours | режиссёр, продюсер |
| 1956 | ф | Достық ниет | Friendly Persuasion | режиссёр, продюсер |
| 1958 | ф | Үлкен ел | The Big Country | режиссёр, продюсер |
| 1959 | ф | Бен-Гур | Ben-Hur | режиссёр |
| 1961 | ф | Балалар сағаты | The Children's Hour | режиссёр, продюсер |
| 1965 | ф | Жинақтаушы | The Collector | режиссёр |
| 1966 | ф | Миллионды қалай ұрлауға болады | How to Steal a Million | режиссёр |
| 1968 | ф | Күлкілі қыз | Funny Girl | режиссёр |
| 1970 | ф | Л. Б. Джонстың босатылуы | The Liberation of L.B. Jones | режиссёр |
- 1 шілдеде туғандар
- 1902 жылы туғандар
- 27 шілдеде қайтыс болғандар
- 1981 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Беверли-Хиллзде қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша кинорежиссёрлер
- АҚШ кинорежиссёрлері
- Алфавит бойынша сценарийшілер
- АҚШ сценарийшілері
- Алфавит бойынша кинопродюсерлер
- АҚШ кинопродюсерлері
- Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері
- Алтын глобус сыйлығының иегерлері
- BAFTA марапаты иегерлері
- Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (режиссёрлер)
