
Кацура Таро (1847 жыл 28 қараша, Ямагути — 1913 жыл 10 қазан, Токио) — Жапонияның мемлекет қайраткері, генерал.
Өмірі
Тёсю княздығындағы самурайлар арасынан шыққан. 1868 жылғы төңкеріс кезінде император жағын қолдап, Киотода оның сарайын қорғап, сегунат жақтастарымен бірге Солтүстік Жапонияда соғысты. 1870—1873 жылдары Берлиндегі әскери училищеде оқыды. 1875—1878 жылдары Берлиннің жапон елшілігінде әскери атташе қызметін атқарды.
1894-1895 жылдары Жапон-Қытай соғысында ерекше көзге түсті. 1898—1900 жылдары — әскери министр. 1901—1905, 1912—1913 жылдары — премьер-министр. Ағылшын-жапон одағын ұйымдастырушылардың бірі. Англия мен АҚШ-тың қолдауымен Кацура үкіметі 1904—1905 жылдары Жапонияның Ресейге қарсы соғысын ашты.
- 1847 жылы туғандар
- 1913 жылы қайтыс болғандар
- Тайвань генерал-губернаторлары
- Жапония генералдары
- Кадзоку
- Жапония премьер-министрлері
- Жапония сыртқы істер министрлері
- Жапония қаржы министрлері