Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа
  • Уикипедия

Ташкент хандығы — Орта Азиядағы ортағасырлық қазақ мемлекеті. Хандықтың тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады:

Ташкент хандығы

  • Басты бет
  • Ташкент хандығы

Ташкент хандығы — Орта Азиядағы ортағасырлық қазақ мемлекеті. Хандықтың тарихын бірнеше кезеңге бөлуге болады:

  • Бұхар хандығы құрамында.
  • Қазақ хандығының вассалы.
  • Тұрсын Мұхаммед ханның тәуелсіз билігі.
 Қазақстан тарихы

Ежелгі Қазақстан

Тас дәуірі
Қола дәуірі
Темір дәуірі
Сақтар
Үйсіндер
Қаңлылар
Ғұндар

Түркі дәуірі

Түркі қағанаты (552—603)
Батыс Түрік қағанаты (603—704)
Шығыс Түрік қағанаты (682—744)
Түргеш қағанаты (704—756)
Қарлұқ қағанаты (756—940)
Қимақ мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Оғыз мемлекеті ІХ ғ.соңы -ХІ ғ.басы
Қарахан мемлекеті (942-1212)
Қарақытай мемлекеті (1128-1213)
Қыпшақ хандығы

Шыңғыс хан империясы

Моңғол империясы (1206—1291)
Жошы ұлысы (1224—1481)
Шағатай қағанаты (1222—1370)
Орда-Ежен ұлысы (1242—1446)
Шайбани ұлысы (1243 — ?)
Ақ Орда (XIII—XV ғғ.)
Көк Орда

Қазақ мемлекеттері

Әбілқайыр хандығы (1428—1468)
Қазақ хандығы (1465—1824)
Ноғай ордасы (1440—1634)
Моғолстан (1348—1514)
Ташкент хандығы (1501—1627)

Отарлық кезең

Бөкей Ордасы (1801—1872)

Қазақ Республикасы (1917-1991)

Алаш автономиясы (1917—1920)
Түркістан автономиясы (1917—1918)
Қырғыз (Қазақ) АКСР-і (1920—1925)
Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы (1925—1936)
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы (1936—1991)

Қазақстан Республикасы

Қазақстан (1991—қазір)


к • т • ө

Портал «Қазақстан»
Санат «Қазақстан тарихы»
Ташкент хандығы
Хандық
1501 — 1627
Астанасы Ташкент
Тіл(дер)і Қазақша
Аумағы Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан
Халқы қазақтар, сарттар
Династиясы Шыңғыс әулеті

Хандықтың құлдырау себебі

Тұрсын Мұхаммед хан (Жалым сұлтанның ұлы) - өзінің жеңімпаз соғыстарынан кейін өзін хан жариялады да, өз атынан теңге соқтырды. Ол Есім ханға екі рет адал болуға серт берген. Оның ең басты серігі айбынды қатаған руы болды. Қаны бір халықтың арасында қантөгіс болғанын қаламаған Есім хан Тұрсын Мұхаммедті тең дәрежелі билеуші ретінде мойындады. 1627 жылы Есім хан қалмақтарға қарсы жорыққа аттанды. Иеліктерін кеңейтуді көздеген Тұрсын хан Есімнің ордасы орналасқан Түркістан қамалын басып алды. Есім ханның отбасын тұтқындады. Шешуші шайқас Ташкент төңірегінде болып өтті. Тұрсын хан жеңіліс тапты. Есім хан қатаған руын бүтіндей қырғынға ұшыратты. Қалған қатағандардың бірі өзбектердің, бірі ұйғырлардың және бір бөлігі қазақтардың құрамына шанышқылы деген атпен кірді. Тұрсын ханның бүлігі тарихта «Қатаған қырғыны» деген атпен қалды. Мұхамеджан Тынышпаев «Қазақтар XVII және XVIII ғасырларда» атты еңбегінде былай дейді:

  1627 жылы тарихшы Әбілғазы Баһадүр Хиуадағы ағасы Асфендиардан қашып Түркістандағы Есім ханға келеді. Үш айдан кейін Ташкент билеушісі қазақтың Тұрсын ханы келеді. Ал Есім құрметті қонағын Тұрсын Мұхаммедке тапсырды. Әбілғазы осылайша Ташкентке қоныс аударды. Әбілғазының хабарлауынша кейіннен Тұрсынды өлтіріп, қатағандарды қырғынға ұшыратқан. Осы жорықтан соң Есім хан Ташкент хандығын жойып Қазақ хандығының құрамына қосты.  
←Келесі жазбаАлдыңғы жазба→
Ең көп оқылған - Уикипедия
  • Наурыз 11, 2026

    Есімдік

  • Наурыз 11, 2026

    Қожа Ахмет Ясауи кесенесі

  • Сәуір 02, 2026

    Бор қышқылы

  • Наурыз 13, 2026

    Байқоңыр (ғарыш айлағы)

  • Наурыз 15, 2026

    Дүниежүзілік көрме (2017)

Студия

  • Уикипедия

Жаңалықтарға жазылу

Байланысу
Бізбен байланыс
© 2025 www.wikimap.kk-kz.nina.az - Барлық құқықтар қорғалған.
Авторлық құқық: Dadash Mammadov
Жоғары