Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Кетебай күмбезі – Ұлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Кетебай күмбезі

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Кетебай күмбезі
Жалпы мәлімет
Статусы

Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші

Сәулет стилі

қала құрылысы және сәулет

Орналасуы

Ұлытау облысы, Малшыбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай

Биіктігі

есігі бар бөлігінің биіктігі 5,55 м, іргетасынікі – 80 см.

 Басқа мағыналар үшін Кетебай деген бетті қараңыз.

Кетебай күмбезіҰлытау облысының республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері

Ұлытау облысы Ұлытау ауданындағы Малшыбай ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км жерде, Қаракеңгір өзенінің сол жағалауында орналасқан.

Сипаты

Күмбез 1898 жылы, әрі би, әрі батыр Кетебай Жолайұлына арнап тұрғызылған. Ауданы 6,556,35 м, есігі бар бөлігінің биіктігі 5,55 м, іргетасынікі – 80 см. Ғимараттың іші мен сырты күйдірілген кірпішпен қапталған. Ол төрт бұрышты пішінінен дөңгелек күмбезге бұрыштық қуыстар арқылы жалғасады. Қос қатарлы жиегі бас қасбетінің жоғарғы бөлігін көріктендіре түседі. Басқа қасбеттері “шырша” тәрізді етіп кірпішпен өріліп қаланған. Оңтүстік-батысқа қараған кіре беріс ойығы күмбезбен жабылған, ал осы ойық қуысының аркасы (дарбазасы) дөңгелек медальонның төрттен үш бөлігі секілденіп біткен. Қазір ескерткіштің жоғары жағы қираған.
Кетебай күмбезі 1982 жылы Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енді.

Жоғары