Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Әзілкеш (шын есімі Әзірбай) Шымырұлы (1830, қазіргі Жалағаш ауданы Жүргенов ауылы – 1895, сонда) – айтыс ақыны. Әзілкеш жасынан ел аралап, толғау-термелер айтып

Әзілкеш Шымырұлы

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Әзілкеш (шын есімі Әзірбай) Шымырұлы (1830, қазіргі Жалағаш ауданы Жүргенов ауылы – 1895, сонда) – айтыс ақыны. Әзілкеш жасынан ел аралап, толғау-термелер айтып, күй тартып, айтысқа қатысқан. Сан түрлі өнерімен «Дүр жырау» атанған. Арқадағы қыпшақ Қызболық ақынмен айтысқан. Әзілкештің өлең-жырлары көп болғанымен бізге санаулысы ғана жеткен. Оның Қызболықпен айтысын Ыбырай Алтынсарин Қазан баспасынан 1883 жылы жеке кітапша етіп шығарған. Құрманғазы Сағырбайұлымен үзеңгілес жолдас болған. Әзілкештің жекелеген шығармалары Қазақстан ҰҒА Орталық кітапханасының қолжазбалар қорында сақтаулы.

Жоғары