| Жәдігер хан | ||
| Лауазымы | ||
|---|---|---|
| ||
| 1468 — 1469 | ||
| Ізашары | Әбілқайыр хан | |
| Ізбасары | Шейх Хайдар хан | |
| Өмірбаяны | ||
| Діні | ислам | |
| Қайтыс болуы | 1469 | |
| Династия | Шибан әулеті | |
| Әкесі | Темір шейх | |
| Балалары | Бүреке сұлтан | |
| өңдеу | ||
Жәдігер хан (? - 1469) – 1468-1469 жылдары билік еткен Жошы ұлысының сол қанатының ханы. Әбілқайыр ханнан кейін таққа отырған.
Шығу тегі
Жәдігер хан Шыңғыс ханның тұңғышы Жошының бесінші ұлы Шибанның ұрпағы. Оның шежіресі төмендегідей: Жәдігер — Тимур шейхтің ұлы, Тимур шейх — Хаджи Тулидің ұлы, Хаджи Тули — Арабшахтың ұлы, Арабшах — Фуладтың ұлы, Фулад — Меңгу-Темірдің ұлы, Меңгу-Темір — Бадақұлдың ұлы, Бадақұл — Жошы Букадың ұлы, Жошы Бұқа — Бахадүр ханның ұлы, Бахадүр хан — Шибанның ұлы, Шибан — Жошының ұлы, Жошы — Шыңғыс ханның ұлы.
Билікке келуі
Р. Ю. Почекаевтың айтуынша, қатаң мінезімен және биліксүйгіштігімен танылған Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін, «қатты қолдан» шаршаған жергілікті ақсүйектер билікке жасы ұлғайған Жәдігерді әкелген. Бір жылдан соң ол қайтыс болды. Оның өлімінен кейін билікке Әбілқайырдың ұлы Шайх-Хайдар келді.
В. В. Трепавловтың дерегіне сүйенсек, Жәдігер 1458 жылы-ақ Әбілқайыр тірі кезінде хан болып жарияланған. Бұл манғыт биі Мұса мен Жәдігердің ұлы Бүреке сұлтанның әрекеттерінің нәтижесі еді. Мұса Жәдігер тұсында беклярбек қызметін атқарды. 1457 жылы ойраттардан жеңілгеннен кейін Әбілқайырдың билігі әлсіреп, ол балама үміткерге қарсы тұра алмады.
Өлімі
Жәдігер хан Әбілқайырдан көп ұзамай қайтыс болды, ал билік үшін күрес келесі буындар арасында жалғасты. Жәдігердің ұлы Бүреке сұлтанды Шайх Хайдардың ең басты қарсыласы деуге келмейтін еді. Себебі Әбілқайырдың мұрагері Шейх Хайдарға қарсы үлкен коалиция күрес жүргізді. Олардың ішінде Ұрыс әулетінің өкілдері Керей мен Жәнібек болды.
Ұрпақтары
Жәдігер әулетінен тараған Арабшахидтер, кей деректе Жәдігеридтер деп аталатын бұл әулет, XVI—XVIII ғасырларда Хорезм мен Солтүстік Хорасанда билік жүргізді.
Әдебиет
- Р. Ю. Почекаев Цари ордынские Санкт-Петербург, «Евразия» 2010 ISBN 978-5-918-52010-9
- В. В. Трепавлов История Ногайской Орды Москва, Издательская фирма «Восточная литература», РАН
- 1469 жылы қайтыс болғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Шибан әулеті