| Кристофер Уокен | |
| Christopher Walken | |
| | |
| Жалпы мағлұмат | |
|---|---|
| Туған кездегі есімі | Рональд Уокен |
| Туған күні | 31 наурыз 1943 (83 жас) |
| Туған жері | Куинс, Нью-Йорк, АҚШ |
| Азаматтығы |
|
| Мамандығы | актёр |
| Белсенді жылдары | 1952 — қазіргі уақытқа шейін |
| Марапаттары | «Оскар сыйлығы» (1979) |
| IMDb | |
Кристофер Уокен (ағылш. Christopher Walken, 31 наурыз 1943) — америкалық актер, ең белсенді голливуд актерлерінің бірі. Оның айтуынша, ол ұсынылған рөлдердің барлығына келіседі. Кристофер шамамен бір жыл ішінде 5 фильмге түседі. Көбінесе жаман кейіпкердің рөлімен әйгілі болған («Чем заняться мертвецу в Денвере», «Бэтмен возвращается», «Сонная лощина», «Вид на убийство»). «Оскар сыйлығы» жүлдесінің номинанты атанған.
Өмірбаяны
Рональд Уокен Квинесте туып өскен және кішкентайынан телесериалардарда түскен. 1961 жылы университетке түсіп, біраз уақыт өте келе оқып жүрген жерінен шығарылады. Досының ақылы бойынша атын Кристоферге ауыстырады. 1966 жылы «Лев зимой» койылымында сынға түсті. 1970 жылдан бастап фильмдерге түсе бастайды. 1977 жылы Вуди Алленнің «Энни Холл» атты фильмінде түсіп, сыншылардың көзіне түседі. «Охотник на оленей» (1978) фильміне түсіп, «Оскар сыйлығы» сыйлығының номинанты атанған. «Мёртвая зона» (1983), «Вид на убийство» (1985), «Король Нью-Йорка» (1990), «Макбэйн» (1991), «Бэтмен возвращается» (1992), «Қойыртпақ шығарма» (1994), «Герой-одиночка» (1996), «Похороны» (1996) және тағы басқа фильмдерде түседі. Дэннис Хоппермен «Настоящая любовь» фильміне түсіп, үлкен табысқа қол жеткізеді, даңқы арта түседі. Стивен Спилбергтің «Поймай меня, если сможешь» атты фильміне түсіп, тағы да «Оскар сыйлығы» жүлдесінің номинанты атанды. Ақырғы уақытта Кристофер комедия жанрындағы фильмдерде көп түсіп жүр («Незваные гости», 2005; «Человек года», 2006; «Семь психопатов», 2012).
Фильмография
- Қойыртпақ шығарма (1994)
- 31 наурызда туғандар
- 1943 жылы туғандар
- Алфавит бойынша тұлғалар
- Нью-Йоркте туғандар
- Алфавит бойынша актерлер
- АҚШ актерлері
- BAFTA марапаты иегерлері
- Үздік қолдаушы актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері