Сабыров Сармағамбетұлы (Дүйсенұлы) Базарбай (1950 ж. т., Өзбекстан, Шоманай ауданы, Майлыөзек ауылы) – жыршы, жырау. 13 жасынан бастап жыр додасына түскен. Бесқала өңіріндегі Жарқынбек, Дүзмағанбет, Сүгір, Наурызбек, Алдаберген, Жолжан мен Рейім жыраулардан орындаушылық мәнерді үйренген. Маңғыстау өңірінен 1966 ж. Алматы қаласында өткен жыраулар конференциясына қатысқан.
Байұлы тайпасы Адай руы Құнанорыс бөлімінен шыққан.
Санаттар:
- Тұлғалар
- Қазақ жыраулары