Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Споралы өсімдіктер – негізінен жынысты немесе жыныссыз жолмен түзілетін споралар арқылы көбейіп, таралатын өсімдіктер. Төменгі сатыдағы споралы өсмдіктер (саңыр

Споралы өсімдіктер

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Споралы өсімдіктер – негізінен жынысты немесе жыныссыз жолмен түзілетін споралар арқылы көбейіп, таралатын өсімдіктер. Төменгі сатыдағы споралы өсмдіктер (саңырауқұлақтар, қыналар, балдырлар) жыныссыз көбеюі өз еркімен қозғалатын зооспоралармен және ондай қозғалысқа қабілетсіз апланоспораларымен, спорангиоспораларымен; жынысты көбеюі – зигоспоралармен, ооспоралармен; вегетативті көбеюі де споралармен (оидиялар, гемма, хламидоспоралар) жүзеге асады. Кейде споралы өсмдіктердің көбеюі вегетативтік денесінің бөліктерімен де жүзеге асады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің (мүктер, қырықбуындар, плаундар, қырыққұлақтар) жыныссыз көбеюі арнайы органдардың – спорангиялардың ішінде пайда болатын спорангиоспоралар арқылы жүреді.

Пайдаланған сілтеме

  1. Қазақ энциклопедиясы
Жоғары