Қолдау
Тегін жүктеу және ақпараттық платформа

Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) — орта және екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы, Қазақстан Р

Геннадий Головкин

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
( бетінен бағытталды)
Геннадий Головкин
Суреті
Жалпы мағлұмат
Толық есімі

Геннадий Геннадьевич Головкин

Лақап аты

GGG (Triple G)

Азаматтығы

 Қазақстан

Туған күні

8 сәуір 1982 (1982-04-08)(44 жас)

Туған жері

 Қазақстан, Қарағанды, Майқұдық

Тұрғылықты жері

 АҚШ, Лос Анжелес

Салмағы

Орта салмақ

Тұрысы

оңқай

Бойы

179 см

Қолдың қарқыны

178 см

Стилі

ортодокс

Бапкері

Абел Санчес

Рейтингтері
BoxRec рейтинг бойынша позициясы

1 (1090 ұпай)

The Ring рейтинг бойынша позициясы

4

Кәсіби карьерасы
Алғашқы айқасы

6 мамыр 2006 жыл

Соңғы айқасы

17 қыркүйек 2022 жыл

Чемпион белдігі

WBA, IBF,IBO, WBC

Айқастар саны

45

Жеңгендер саны

42

Нокаутпен жеңгені

37

Жеңілгендер саны

2

Тең түскендері

1

Болмағандары

0

Әуесқой карьерасы
Айқастар саны

350

Жеңгені

345

Жеңілгені

5

gggboxing.com
Қызметтік тізімі (boxrec)
Марапаттар
Бокс
Олимпиада ойындары
Күміс Афина 200475 кг дейін
Әлем чемпионаты
Алтын Бангкок 200375 кг дейін
Әлем кубоктары
Күміс Астана 200271 кг дейін
Азия чемпионаттары
Алтын Филиппин 200475 кг дейін
Мемлекеттік марапаттары
Құрмет ордені
Құрмет ордені
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордені

Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды, Қазақстан) — орта және екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық комитетінінің президенті (2024 жылдан), 2025 жылдың 23 қарашасында халықаралық World Boxing ұйымының президенті болып сайланды.

Бокстан Әлем чемпионы (2003), Афинада өткен Олимпиаданың (2004) күміс жүлдегері.

Кәсіпқой бокста IBF, WBA, IBO бойынша екі дүркін Әлем чемпионы.

WBA (2010–2018, 2022–2023); WBC (2016–2018), IBF (2015–2018, 2019–2023). The Ring журналына сәйкес P4P салмақ дәрежесіне қарамастан, үздік боксшылардың ондығына кіреді (2018).

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Қазақстан 7 дүркін чемпионы, 2000 жылғы жастар арасында Әлем чемпионы, Қазақстанның тұңғыш өткен спартакиада ойындарының чемпионы (2001), 2001 жылы өткен мұнай өндіруші елдер арасындағы Кубок жеңімпазы, III Шығыс Азия ойындарының чемпионы (2001).

Өмірбаяны

Отбасы

Генадий Головкин 1982 жылдың 8 сәуір күні Қазақстанның Қарағанды қаласында Майқұдық ауданында өмірге келген.

Әкесі – Геннадий Иванович Головкин, мамандығы – шахтер, Карагандинская шахтасында қызмет етті. 2014 жылы дүниеден өтті. Анасы – Елизавета Сергеевна, ұлты кәріс, химиялық зертханада көмекші қызметін атқарған.

Головкиндер отбасында 4 ұл дүниеге келген. Вадим, Сергей, Генадий және Максим. Максим мен Геннадий егіздер, Максим Геннадийден 15 минут кейін туған. Екі ағасы әскерде қызмет атқарып, белгісіз жағдайларда қаза болды (Вадим - 1990 жылы, Сергей – 1994 жылы).

Бокс секциясына 8 жастағы Максим мен Геннадийді ағалары алып келеді.

Геннадий Головкиннің алғашқы бапкері Виктор Дмитриев, ал кейін Ғалым Кенжебаев болды. Максим Геннадийдің екінші бапкері ретінде қызмет етеді.

Ағайындылар бір сыныпта оқыды және бірдей салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен, бірақ бір-бірімен ешқашан бетпе-бет жұдырықтасқан емес. Бір-бірімен жұдырықтасуға тура келгенде, екеуінің біреуін жарыстан алып тастайтын болған. 2004 жылғы Олимпиадаға іріктеу кезінде осы себеппен Максим спорттан кетті.

Геннадий Головкин үйленген. Жолдасының есімі – Алина. Қарағанды қаласында туған. Геннадий мен Алина 2000 жылы танысып, 2007 жылы 7 шілдеде неке құрған. Отбасында екі ұл (2009 және 2019) мен бір қыз (2017) өсіріп жатыр. Тұңғыш ұлының есімі – Вадим. Алина жолдасының ойындарын қарауға бармайды. Геннадий хоккейді жақсы көргендіктен НХЛ ойындарына жанкүйер болып қатысады.

Әуесқой бокстағы мансабы

Головкиннің әуесқой мансабы ұзаққа созылды әрі, қанық оқиғаға толы болды. Геннадий бокспен 8 жасынан бастап айналыса бастады. 1993 жылы оны облыстық бокстан өткен жарысқа бапкері жіберген болатын. Соңында осы сайыстан 3 жеңіс әкелді. Бұдан кейін ол облыстық, мемлекеттік және халықаралық бокстан жарыстарға үміткер болып қатыса бастады. Осы уақытқа дейін Геннадий Головкин өзінің қатысқан 350 жекпе-жегінде тек 5 рет қана жеңіліске ұшыраған.19 жасында шығыс боксында бірінші орын алады да, 2002 жылы бұл жеңісін тағы бір мәрте қайталайды. 2003 жылы Таиландта өткен боксшылар жекпе-жегінде өзінің 4 қарсыласының екеуін нокаутқа жібергені үшін бірінші орынды алады.

Өзінің алғашқы ресми белдесуін Головкин 11 жасында облыстық деңгейдегі жарыста өткізді. Онда ол өзінен 2-4 жас үлкен қарсыластармен белдесті, сөйтіп сол жарыста жеңіске жетті.

2000 жылы Геннадий Головкин Будапештте жартылай орта салмақ дәрежесіндегі жастар арасында өткен Чемпионатта жеңіске жетті.

2001 жылы Шығыс Азиялық ойындардың финалында Дэниэль Гилді жеңді (15:3).

2002 жылы Астанада өткен командалық Әлем кубогында Қазақстан құрамасының құрамында күміс медальді жеңіп алды. Головкин жарыстағы барлық 4 белдесуінде жеңіске қол жеткізді. Топтық кезеңде Қазақстан – Әзербайжан матчында Джавид Тагиевті жеңді (19:8), ал Қазақстан – Камерун матчында Фостер Нкодоны мерзімінен бұрын жеңді (RSCO 3). Жартылай финалдық Қазақстан - Ресей матчы кезінде Андрей Балановты жеңіп шықты (10:7). Ал жалпылай санағанда 7:5 есебімен кубалықтар жеңімпаз атанған Қазақстан – Куба финалдық матчында Дамиан Остинды жеңген болатын (6:4).

2002 жылы Пусанда (Оңтүстік Корея) алтын медальді жеңіп алды. Финалда Пхленчит Сурияны нокаутпен жеңді.

2003 жылы Бангкоктегі Әлем чемпионатында алдымен ресейлік Матвей Коробовты, кейін әйгілі ирландиялық Энди Лиді ірі есеппен жеңіп, содан соң болашақ әлем чемпионы – Лучиан Бутені нокаутпен жеңіп, жартылай финалда кубалық Йорданис Деспагноны жеңіп, финалда украиналық боксшы – Алексей Машкинді нокаутпен құлатып, алтын медальға ие болды.

2004 жылы Пуэрто–Принсесте (Филиппин) алтын медальді жеңіп алды. Ширек финалда оңтүстіккореялық Дук–Жин–Чоны, жартылай финалда қырғыз Қымбатбек Рысқұловты жеңіп, финалда жергілікті боксшы Кристофер Каматты 2 раундта тоқтатты.

Бокстан әлем чемпионаты (2003)

Орташа салмақ
КезеңКүніСпортшыНәтижесіСпортшы
1/1607.07.2003Қазақстан Геннадий Головкин19:10Ресей Матвей Коробов
1/809.07.2003Қазақстан Геннадий Головкин29:9Ирландия Энди Ли
1/410.07.2003Қазақстан Геннадий ГоловкинKO 4Румыния Lucian Bute
1/211.07.2003Қазақстан Геннадий Головкин29:26Куба Yordanis Despaigne
Финал12.07.2003Қазақстан Геннадий ГоловкинRSCI 2Украина Олег Машкин

Олимпиада ойындары

2004 жылғы Олимпиада ойындарында 75 кг дейінгі салмақ дәрежесінде 2-орынға ие болды. Іріктеу кезеңінде Головкиннен жеңілген Артаев 72 кг дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды. Финалдың 1/16 бөлігі – автоматты түрде өтті;

Финалдың 1/8 бөлігі – Ахмед Али Ханды жеңді (Пәкістан) 31 – 10;

Финалдың 1/4 бөлігі – Рамадан Яссирді жеңді (Мысыр) 31 – 20;

Финалдың 1/2 бөлігі – Андре Дирелланы жеңді (АҚШ) 23 – 18;

Финал – Гайдарбек Гайдарбековтен жеңілді (Ресей) 18 – 28

Орташа салмақ
КезеңКүніСпортшыНәтижесіСпортшы
1/821.08.2004Қазақстан Геннадий Головкин31:10Пәкістан Әли Ахмед Хан
1/425.08.2004Қазақстан Геннадий Головкин31:20Мысыр Ramadan Yasser
1/227.08.2004Қазақстан Геннадий Головкин23:18Америка Құрама Штаттары Andre Dirrell
Финал28.08.2004Қазақстан Геннадий Головкин18:28Ресей Гайдарбек Гайдарбеков

Бокстан әлем чемпионаты (2005)

Орташа салмақ
КезеңКүніСпортшыНәтижесіСпортшы
1/1615.11.2005Қазақстан Геннадий Головкин15:12Черногория Nikola Sjekloca
1/816.11.2005Қазақстан Геннадий Головкин21:27Мысыр Mohamed Hikal

Кәсіпқой бокс мансабы

Головкин кәсіпқой рингтегі дебютін 2006 жылы 24 мамырда Габор Балотқа қарсы ойында орта салмақ дәрежесінде жасады. Бірінші раунда- ақ қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті. Осыдан кейін қатарынан 36 ойында жеңіске жетті, соның ішінде 32-сін уақытынан бұрын аяқтады.

Кәсіпқой боксқа келгеннен кейін Геннадийдің тіркелген компаниясы 5 жыл бойы оған лайықты қарсылас тауып бере алмағандықтан, бұл боксшының жұлдызы жанбады.

2007 жылдың қыркүйегінде француз Мехди Боудламен 8 – раундтық ұрыста ұпай саны бойынша жеңіске жетті (11 – 1).

2008 жылдың сәуірінде ұпай саны бойынша Иан Гарднерді жеңді.

2008 жылдың қараша айында белорус Малик Дзиарр 2-раундта белдесуден бас тартып, Головкин жеңіске жетті. (29 – 3).

2009 жылдың 11 шілдесінде алғашқы 12 раундтық айқасқа шықты. WBO интерконтинеталды чемпионы атағы үшін болған айқастың 2-раундында бразилиялық Джон Андерсон Карвальоны нокаутпен тізе бүктірді. Кейін жеңілмеген Михаил Макаровты нокаутпен жеңді. 2009 жылы Гена WBO-ның интерконтинентальды чемпионы белдігін алды.

2010 жылы Головкин ағайынды Кличколардың K2 Promotions промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырды.

2010 жылдың тамыз айында колумбиялық Милтон Нуньесті (21-1-1) 1 раундта нокаутпен жеңді. Бұл жеңіс арқылы ол WBA-ның уақытша тізіміне кірсе, 3 айдан кейін тізімге толығымен орнықты.

2011 жылы IBO версиясы бойынша 2 белдік алды. Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.); «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады), IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).

2012 жылы Феликс Штурмды жеңген аустралиялық Дэвид Гил міндетті түрде осы жыл аяғына дейін өз белбеуін Геннадийге қарсы қорғауға шақырғанымен, Гил басқа өз отандасымен жекпе жекке шығуға шешкен. Осының нәтижесінде WBA Генаға Гилдің титулын тартып алып берді, яғни Гена - суперчемпион атанды.

Кәсіби ойындардың статистикасы

42 жеңіс (37 нокаут), 1 жеңіліс, 1 тең
Нәтиже Есеп Қарсылас Тип Раунд Күні Болған жер Ескерту
Жеңді34-0Канада Давид Лемье TKO8 (12), 1:322015-10-18 Америка Құрама Штаттары Медисон Скуер Гарден, Нью-Йорк, АҚШ WBC және IBO, WBC титулдарын қорғау, IBF титулды алған
Жеңді33-0АҚШ Вилли Монро TKO6 (12), 0:45 2015-05-17 Америка Құрама Штаттары The Forum, Инглвуд, Калифорния, АҚШ WBC және IBO титулдарын қорғау
Жеңді32-0Ұлыбритания Мартин Мюррей TKO10 (12), 0:50 2015-02-21 Монако Salle des Étoiles, Монте-Карло, Монако WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді31-0Мексика Марко Антонио Рубио KO2 (12), 1:19 2014-10-18 Америка Құрама Штаттары Стабхаб Сентер, Карсон, АҚШ WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді30-0Аустралия Дэниэл Гил TKO3 (12), 2:47 2014-07-26 Америка Құрама Штаттары Медисон Скуер Гарден, Нью-Йорк, АҚШ WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді29-0Гана Осуману Адама TKO7 (12), 1:202014-02-01 Монако Chapiteau de Fontvieille, Монте-Карло WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді28-0Америка Құрама Штаттары Кёртис Стивенс TKO8 (12), 3:002013-11-02 Америка Құрама Штаттары Медисон Скуер Гарден, Нью-Йорк WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді27-0Ирландия Мэтью Маклин TKO3 (12), 1:222013-29-07 Америка Құрама Штаттары Машантакет, Коннектикут WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді26-0Жапония Нобухиро Ишида TKO3 (12), 2:462013-30-03 Монако Монте-Карло, Монако WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді25-0Америка Құрама Штаттары Габриел Росадо TKO7 (12), 2:462013-19-01 Америка Құрама Штаттары Медисон Скуер Гарден, Нью-Йорк, АҚШ WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді24-0Польша Гжегож Прокса TKO5 (12), 1:112012-09-01 Америка Құрама Штаттары Turning Stone Resort & Casino, Верона, АҚШ WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді23-0Жапония Макото Фучигами TKO3 (12), 1:172012-05-12 Украина «Терминал» сауда ойын-сауық орталығы, Бровары, Украина WBA және IBO титулдарын қорғау
Жеңді22–0Америка Құрама Штаттары Лахуан Саймон KO1 (12), 2:172011-12-09 Германия Ballsaal Interconti-Hotel, Дюссельдорф, Германия WBA титулын қорғау
IBO бос титулын алу
Жеңді21–0Уганда Кассим Оума TKO10 (12), 1:572011-06-17 Панама Arena Roberto Duran, Панама-сити WBA титулын қорғау
Жеңді20–0Колумбия Нилсон Хулио Тапиа KO3 (12), 2:442010-12-16 Қазақстан "Дәулет" спорт кешені , Астана, Қазақстан WBA титулын қорғау
Жеңді19–0Колумбия Милтон Нунез KO1 (12), 0:582010-08-14 Панама Arena Roberto Duran, Панама-сити WBA титулын алу
Жеңді18–0Ресей Михаил Макаров KO2 (10), 1:242009-11-21 Германия Sparkassen-Arena, Киль, Германия
Жеңді17–0Бразилия Джон Андерсон Карвальо KO1 (12), 1:242009-07-11 Германия Нюрбургринг, Нюрбург, Германия WBA бос құрлықаралық титулын алу
Жеңді16–0Америка Құрама Штаттары Энтони Гринидж KO5 (10), 0:592009-04-25 Германия König Palast, Крефельд, Германия
Жеңді15–0Аргентина Хавьер Альберто Мамани TKO1 (10), 2:522009-01-17 Германия Burg-Waechter Castello, Дюссельдорф, Германия
Жеңді14–0Беларусь Малик Дзиарра RTD2 (10), 3:002008-11-22 Германия Stadthalle, Росток, Германия
Жеңді13–0Алжир Амар Амари UD82008-06-21 Дания Brøndby Hall, Копенгаген, Дания
Жеңді12–0Франция Ибрагим Сид TKO8 (8), 0:262008-05-10 Германия Brandberge Arena, Галле, Германия
Жеңді11–0Канада Ян Гарднер UD82008-04-05 Германия Burg-Waechter Castello, Дюссельдорф, Германия
Жеңді10–0Оңтүстік Африка Республикасы Тшепо Машего KO1 (8), 2:042008-02-29 Германия Alsterdorfer Sporthalle, Гамбург, Германия
Жеңді9–0Франция Мехди Буадла UD82007-09-07 Германия Burg-Waechter Castello, Дюссельдорф, Германия
Жеңді8–0Беларусь Сергей Хомитский TKO5 (8), 1:592007-05-25 Германия Fight Night Arena, Кёльн, Германия
Жеңді7–0Оңтүстік Африка Республикасы Саймон Мокоена RTD6 (8)2007-02-27 Германия Kugelbake-Halle, Куксхафен, Германия
Жеңді6–0Сенегал Сильвен Гомис KO4 (6), 1:002006-12-02 Германия Estrel Convention Center, Берлин, Германия
Жеңді5–0Аргентина Хорхе Ариел Гарсия KO2 (6), 2:282006-10-21 Германия Brandberge Arena, Галле, Германия
Жеңді4–0Латвия Мартинс Кукулис TKO3 (4)2006-09-19 Германия Kugelbake-Halle, Куксхафен, Германия
Жеңді3–0Польша Даниел Урбанский TKO4 (4)2006-08-22 Германия Universum Gym, Гамбург, Германия
Жеңді2–0Беларусь Сергей Наварка TKO3 (4), 1:102006-07-29 Германия Koenig Pilsener Arena, Оберхаузен, Германия
Жеңді1–0Мажарстан Габор Балог KO1 (4), 1:282006-05-06 Германия Burg-Waechter Castello, Дюссельдорф, Германия Кәсіби бокстағы дебюті

Головкин стилі

GGG белгісі

Жетістіктері

  1. 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
  2. 7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.);
  3. ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);
  4. Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.);
  5. Азия ойындарының чемпионы - (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.);
  6. Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.);
  7. «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
  8. WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)
  9. IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
  10. 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша нокаут үлесімен бірінші орында тұр.
  11. 2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.

Мемлекеттік нагрдалары

  1. Құрмет ордені (2004)
  2. Парасат ордені (2011)
  3. Назарбаев ордені (2018)
Жоғары